АҚМОЛА  ОБЛЫСЫ  БІЛІМ  БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ «ШАҒАЛАЛЫ АУЫЛЫ, ЖОҒАРЫ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «ВЫСШИЙ АГРОТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, СЕЛО ЧАГЛИНКА»  ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ  ОБЛАСТИ  

«Worldskills Kazakhstan - 2018» аймақтық чемпионат қортындысы

02.03.2018

Кәсіби мамандықтардың беделін арттыру, жас кадрларды экономиканың өндірістік секторына жұмылдыру және кәсіби техникалық білімді дамытуға бағытталған «Worldskills Kazakhstan - 2018» аймақтық чемпионат колледжімізде

 өткізілді.

Чемпионатымыз қызықты да тартымды өтті. Қорытынды кезеңде балдарды есептеу бойынша үшінші орынды Көкшетау қаласынан  «СерТК №1» студенті Әубәкір Ұлыбек (86,3) алса, екінші орында Щучинск қаласынан «Жоғарғы колледж» студенті Птицин Сергей (92) орналасты, ал бірінші орынды өз колледжіміздің студенті Абдулла Мейіржан (99,3) иеленді.

Екі күндік сайыста эксперттеріміз қатысушыларды жан-жақтан сынап, қыр- сырын таныды. Жұмыс барысында кездескен ескерулер де болды, бұл ескерулерді ұмытпай қолдана жүріңіздер деп сөзін бастаған Машкенов Жеңіс мырза баршамызды чимпионаттың аяқталуымен құттықтай түсті. Сайыс жоғарғы деңгейде өткенін атай өтіп, қатысушы жастарымыздың талпынысы мен өжеттілігін мақтады.

«Кокшетау -Энерго» ЖШС-нің оқу орталығының меңгерушісі Шестаков Сергей, Зеренді ПЭУ басшысы Джуасов Даулет эксперт мырзаларымыз өздерінің есіктері қатысқан сайыскерлеріміз үшін ашық екенін анық айтты.

Сайыскерлеріміз колледжден құр алақан кетпеді естелікке кәдесыйлар ала кетті.

Марапаттау рәсімі 15 наурыз күні Көкшетау сарайында өтеді. Жеңімпаздарды колледжіміздің атынан құттықтаймыз. Одан әрі де талпынып, өз күштерін сынай беруге тілектеспіз.

Просмотров: 321


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желідеміз!

   

Ұйымдар тізімі
Текст