АҚМОЛА  ОБЛЫСЫ  БІЛІМ  БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ «ШАҒАЛАЛЫ АУЫЛЫ, ЖОҒАРЫ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «ВЫСШИЙ АГРОТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, СЕЛО ЧАГЛИНКА»  ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ  ОБЛАСТИ  

ІШКІ ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІ

«Келісемін»                                                                                  «Бекітемін»

студенттік кәсіподақ ұйымының төрағасы                               Директор ЖАТК                ЖАТК                                                                                           _________Карабаев К.Т.

_____________Жанабаев  А.А.                                                        хаттама № __от ________

                                                                                                       педагогикалық Кеңес ЖАТК

 

Жоғары агротехникалық колледжінің

студенттерге арналған ішкі тәртіп ережесі.

 

Осы Ереже ҚР Конституциясына, Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңына сәйкес әзірленген, яғни "жоғары агротехникалық колледж" МКҚК-ның ішкі тәртіп ережелерін, студенттің, колледж әкімшілігінің негізгі құқықтары мен міндеттерін анықтайды, сондай-ақ колледждегі студенттің қызметімен байланысты басқа да мәселелерді қадағалайды.

Ішкі тәртіп ережелері колледж студенттерінің орындауы үшін міндетті болып табылады.

1.Жалпы ереже

1.1. Осы Ереже Колледжде студенттер қызметтерінің ішкі тәртіптерін анықтайтын негізгі нормативті акт болып табылады;

1.2. Студенттер (Колледжге директор бұйрығымен оқуға түскендер) оқу жоспарларына және білім беру бағдарламаларында қарастырылған, білім алуға қатысты барлық тапсырмаларды бекітілген уақытта орындауға міндетті;

1.3. Оқу тәртібі Колледж әкімшілігінің тарапынан сендіру, тәрбиелеу, сондай-ақ адал еңбегі мен білімі үшін мадақтау әдістері арқылы оқу міндеттерін сапалы орындау, қалыпты жоғары өндірістік жұмыстар үшін қажетті ұйымдық және экономикалық шарттардың құрылуын қамтамасыздандырады;

1.4. Ішкі тәртіп Ережелерін қолдануға қатысты мәселелерді Колледж әкімшілігі өзіне берілген құқықтар шегінде, ал Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында немесе Ішкі тәртіп ережелерінде көрсетілген жағдайда – Колледждің Студенттік парламенті және студенттердің кәсіподақ комитетімен келісе отырып немесе бірігіп шешеді.

1.5. Колледж студенттерінің ішкі тәртіп ережелері және оларға қосылатын барлық өзгерістер мен қосымшалар әкімшілік ұсынысы бойынша Колледждің білім алушылары өкілінің қатысуымен педагогикалық Кеңесте қолданылады және директордың бұйрыққа қол қойған сәтінен бастап күшіне енеді.

1.6. Студенттер қызметінің Ішкі тәртіп ережелерінің тексті Колледждегі хабарландыру тақтасына ілінеді.

 

2. Студенттердің негізгі құқықтары

Колледж студенттері төмендегі құқықтарға ие:

2.1. ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес білім алуға;

2.2. білім беру гранты бойынша және келісім шарт негізінде білім алуға;

2.3. орнатылған көлемде стипендия алуға (мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алатын тұлғаларға арналған);

2.4. ғылым, техника және мәдениеттің қазіргі заманға сай даму деңгейіне сәйкес білім алуға;

2.5.өзінің жетістіктерін, еркін ұжданын, өзінің еркін ойы мен сенімділігін құрметтеттіре білуге;

2.6. колледж қызметінің маңызды мәселелерін, студенттердің қоғамдық ұйымы мен қатар колледжді басқару органдары арқылы талқылап және шешуге қатысуға;

2.7. колледждегі кітапхана, ақпараттық қорларды, оқу және басқа да бөлімшелер қызметтерін тегін пайдалануға;

2.8. барлық мәдени жобалар түрлеріне, ғылыми-зерттеу жұмыстарына, конференцияларға, симпозиумдарға, мәжілістерге, байқауларға, фестивальдарға, өз жетістіктерін публикациялауға, сондай-ақ колледждегі баспаларға, пәндік үйірмелерге қатысу мүмкіндігін алуға;

2.9. конференцияларға, Колледждің құрылымдық бөлімшелерімен ұйымдастырылатын барлық байқауларға, көркем өнерпаздар үйірмесіне, спорт секцияларының жұмысына, жарыстарға, денсаулық күніне арналған және басқа да іс шараларға қатысуға;

2.10. оқытылатын пәндер бойынша оқытушылардан кеңес алуға, оқытудың сапасы мен әдістері туралы ойын жеткізуге, оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар білдіруге;

2.11. сабақ барысындағы ерекше жетістіктері үшін және Колледждегі оқу және қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқаны үшін моральды және материалдық жағынан мадақталуға;

2.12. Колледж оқытушылары ұсынған факультативты курстарды таңдауға;

2.13. Колледждегі студенттік өзін-өзі басқару органында сайлауға және сайлануға;

 

3. Студенттердің негізгі міндеттері

Колледж студенттерінің міндеттері:

3.1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында бекітілген

міндеттерді орындауға;

3.2. Колледж Жарғысын, студенттер қызметтерінің ішкі тәртіп ережелерін ұстануға, педагогикалық Кеңес шешімін, директордың, директор орынбасарларының оқу, мәдени, ғылым процестерін түзейтін, олардың ұйымдастырылуы мен өткізілуіне қатысты бұйрықтар мен өкімдерді орындауға;

3.3. Колледждің барлық формаларындағы студенттер таңдаған мамандықтары бойынша теоретикалық білімді және практикалық дағдыларды білуге, бекітілген мерзімде тапсырмалардың барлық түрлерін орындауға, барлық емтихандар мен сынақтарды бекітілген мерзімде оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларына сәйкес тапсыруға (емтихандық сессия);

3.4. Мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес, оқу сабақтарына қатысуға және оқу жоспарлары мен бағдарламаларында қарастырылған барлық тапсырмалар түрлерін бекітілген мерзімде орындауға, қарыздарды уақытылы жоюға;

3.5. Колледж директорымен бекітілген осы ережеде қарастырылатын ереже мен нұсқаулықтарға сәйкес еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария, еңбек гигиенасы және өрт қауіпсіздігінің қорғанысы жөніндегі талаптарды ұстануға;

3.6. Колледж мүлігін сақтауға, жабдықтар мен техникаларды нәтижелі пайдалануға, internet желісіндегі жұмыстарға арналған ресурстарды тек оқу және ғылыми-әдістемелік мақсаттарда пайдалануға, студенттер пайдаланымына берілген бұйымдарды күтіп ұстауға, энергия, су мен басқа да ресурстарды үнемдеп шығындауға;

3.7. адам жетістіктерін және білім алушылар мен оқытушылардың ойын құрметтеуге, басқа тұлғалар ойына құрметпен қарауға, ал басқа анти қоғамдық көріністерге салкын қарауға;

3.8. Колледждің оқу корпусында жүрген кезде өзін лайықты үстауға, басқа студенттердің өз міндеттерін орындауға зиян келтіретін істерден алшақ болуға, жалпы адамгершілік және этикалық нормаларды ұстануға, Колледждің іскерлік беделін құрметтеуге,қорғауға;

3.9. тәртіпті және ұйымшыл болуға, Колледждің барлық оқу және басқа да жерлерінде тазалық пен тәртіпті сақтауға, Колледждің оқу корпусы мекемесінде оқу және қосалқы жинау жөніндегі іс-шараларға қатысуға;

3.10. тәртіпті және ұқыпты болуға, Колледжде, көшеде, қоғамдық орындарда және үйде өзін лайықты етіп ұстауға;

Ер балалар қысқа қиылған шашпен және таза қырынған болу керек, ал қыз балалардың шаштары ұқыпты жиналып жүру керек;

3.11. қоқан-лоқы көрсетіп, құқық бұзып, төбелескені үшін студент Колледждің студенттер қатарынан шығарылады;

3.12. Колледждің оқу бөлмелерінде, коридорларда және оқу базаларында толық формаларда Колледж әкімшілігімен бекітілген нұсқаулық бойынша – классикалық үлгіде киініп, өзімен әрдайым студенттік билеті болуы керек. Дене тәрбиесінің сабақтарында әкімшілікпен бекітілген спорт киімдерімен жүру керек.

3.13.аудиторияларға кірген оқытушылар мен әкімшілік өкілдерін орындарынан тұрып қарсы алуға;

3.14. сабақ барысында оқытушының айтқаны мен оқушылардың жауаптарын тиянақты тыңдауға, сөйлемеуге, басқа заттармен шұғылданбауға, оқытушының барлық тапсырмаларын орындауға, сұрақтарды қою немесе оларға жауап беру кезінде оқытушының рұқсатымен орындарынан тұрып отыруға, аудиториялардан сабақ барысында шығып немесе кіру оқытушының рұқсаты арқылы ғана жүзеге асырылады;

3.15. зертханаларда, шеберханаларда,   кабинеттерде, сабақ өткізу барысында және оқу өндірістік практиканың өту кезінде тек қана сабақ басшысы көрсеткен аспаптармен және құралдарды пайдалануға, оларды ұқыптап ұстауға және қауіпсіздік техникасын сақтауға,

3.16. ауырып қалған жағдайда және басқа да себепсіз сабақтарға келмеген жағдайда топ старостасын, топ жетекшісін немесе бөлім меңгерушісіне хабарласуға. Егер студент сабаққа қатыспағаны жайлы бөлім меңгерушісін, топ жетекшісін және топ старостасын ескертпесе ол себепсіз қалған деп есептеледі. Ауырып қалған жағдайда студент амбулаториялық, емдік мекемелер немесе Колледж медпунктінің бекітілген формадағы анықтамасын ұсыну керек;

3.18. әрбір топта директор бұйрығымен бекітілген көптеген үлгерімі жақсы, тәртіпті студенттердің ішінен топ старостасы тағайындалады;

3.19. топ старостасының міндеттеріне топта тәртіп ұстанымдары, топ студенттерінің арасында оқулықтардың уақытылы алынып және таратылуы, бөлім меңгерушісіне қажетті құжаттардың уақытылы тапсырылуы кіреді;

3.20. топ старостасы тікелей топ жетекшісіне, бөлім меңгерушісіне, директордың орынбасарларына, студенттік парламент өкіліне бағынады және олардың барлық айтылған және хат түрінде берілген тапсырмаларын орындайды және оларды өз тобына хабарлайды; 

4. Колледж ғимаратында төмендегілерді жасауға тиым салынды

4.1. қатты сөйлеуге, шулауға, музыка тыңдауға, дөрекі сөйлеуге, сабақ барысында коридорларда жүруге;

4.2. дене жарақаттарын келтіруге немесе байбалам салуға, бір-біріне жаман қатынас құрып бірін-бірі балағаттауға, басқалардың мүліктерін ұрлауға, басқаларды және Колледждің жеке мүліктерін әдейі бұзып, агрессиялық немесе бұзақы қылықтар (актілері, сондай-ақ құқыққа қарсы қылықтар) көрсетуге;

4.3. мекемеде, аймақта, аулада, оқу корпусының кіре берісінде темекі шегуге, түкіруге, шашуға;

4.4. спирт сусындарын, уландыратын немесе есірткілік мастандыратын құралдарды пайдалануға;

4.5. қару-жарақты, атылғыш заттарды, газ балондарын алып келуге, таратуға, жарылысқа немесе өртке әкеліп соғатын барлық құралдармен бүйымдарды пайдалануға;

4.6. қарым-қатынас шешу кезінде күш пайдалануға, ортадағыларға қауіп төндіретін істер жасауға;

4.7. шемішкелер мен құмарлық ойындар пайдалануға;

4.8. сабақтан және аудиториядан тыс іс-шаралар басырысында қосылып тұрған ұялы телефондарды пайдалануға, құлақшын тығып және сағыз шайнауға, ұялы телефондарды және басқа да жеке техникаларды Колледждің электр желілерінде зарядтауға;

4.9. жарқын косметиканы пайдалануға, сәндік бұйымдарды көп мөлшерлерде және оларды ұзын етіп тағуға;

4.10. Колледждің локальдық желілерінде және интернет желілерінде зиянды бағдарламалық қамтамассыздықты таратуға;

4.11. қабырғаларға, аудитория үстелдеріне және басқа да орындарда қандай да бір жазу материалдарын жабыстыруға;

4.12. қоғамдық тәртіппен регламентті бұза отырып саяси және рухани сипаттағы іс-шараларды өткізуге, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы тіркелмеген ұйымдардың атрибутикаларын пайдалануға және ойларын насихаттаға;

4.13. коридорлар мен сатыларда жүгіруге, басқа студенттерді итеруге, бір-біріне неше түрлі бүйымдар лақтыруға

4.14. діни киімдер киюге, ғибадатханалар ашуға және Колледжде діни атрибуттар пайдалануға;

4.15. Колледжге шолақ шалбар, майка, сланцы киіп келуге, спорт киімдерін дене тәрбиесі сабағында немесе спорттық іс-шараларда ғана киюге;

4.16. оқу аудиториясына сырт киімдерімен кіруге болмайды (пәлте, куртеше, плащ, бас киімдер және т.б.);

4.17. сабақ барысында тамақ және сусын ішуге;

4.18. сабақ барысын бұзуға, аудиторияға оқытушының рұқсатысыз кіріп шығуға;

4.19. өшпенділік, ұлттық және діни өшпенділіктерді қоздыруға жолданған іс-қимылдарды жібермеуге, ұлттық абыройды түсірмеуге;

4.20. Колледж әкімшілігінің рұқсатынсыз Колледждің түрлі құралдары мен басқа да бұйымдарын шығаруға;

4.21. студент өзінің академиялық шыншылдығын түсірмей ұстау керек:

а) академиялық жұмыстарды орындау кезінде, аралық және қорытынды аттестация барысында өзіне немесе өзгеге көмектесу мақсатымен ақпараттарды заңсыз алу немесе шпаргалка пайдалану, көшіру;

б) біреулердің жетістіктерімен немесе шешімдерін өз ойының нәтижесі ретінде етіп бастыруға, ұрлап немесе тапсыруға;

в) құжаттарды, мәліметтерді, қолдан жасауға немесе көшіруге (оқу журналдарын, үлгерім кітапшаларын, студенттік билеттерді), сақталған ақпараттардың көшірмелерін жасауға, өзгертуге және басқа түрде қолдануға (сондай-ақ компьютерлік);

 

5. Әкімшіліктің негізгі міндеттірі

Білім беру жағдайын қамтамассыздандыру мақсатында Колледж әкімшілігі:

5.1. ғылыми-педагогикалық, әкімшілік-шаруашылық, оқу-қосалқы және басқа қызметтер жұмыстарының ұйымдастырылуын қамтамассыздандырады;

5.2. дені сау және қауіпсіз білім беру жағдайын, құрал-жабдықтардың жөнделген күйін қамтамассыздандырады;

5.3. Колледждің қаржы құралдарының шегінде материалдық-техникалық қамтамассыздықты және білім беру процессін және ғимараттың жабдықталуын жүзеге асырады;

5.4. білім беру процессінің тиісті әдістемелік қамтамассыздануына шаралар қолданады;

5.5. сабаққа алкагольды есірткі және уланған мас күйінде келген студентті кіргізбейді;

5.6. өндірістік жарақаттанушылықты алдын алу бойынша қажетті шаралар қолданады, студенттердің қауіппсіздік техникасы, өндірістік санитария және еңбек гигиенасы, өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтардың барлық талаптарын біліп және сақтауын бақылайды;

5.7. студенттердің сырт киімдерін сақтау үшін қалыпты жағдайларды құрайды, ғимараттың жылу, жарық, желдету, жабдықтарымен жабдықталуын қамтамассыздандырады;

5.8. студенттердің қызметтерін жақсарту, Колледждің және олардың бөлімшелерінің беделін көтеру жөніндегі ұсыныстарын уақытылы қарастырады;

5.9. оқу ғимаратының қорғанысын, құрал-жабдықтардың, мүліктердің сақтығын, сондай-ақ оқу және тұрмыстық мекемелердегі қажетті тәртіптің қалыптасуын қамтамассыздандырады, ғимараттың қорғанысы, олардың өрт қауіпсіздігі және санитарлық жағдайына жауапкершілікте болу директордың бұйрығы бойынша тиісті лауазымдық тұлғаларға жүктеледі;

5.10. Колледж ғимараттарының жақсылап жабдықталуын (жөнделген жиһаздардың, оқу жабдықтарының бар болуы, қалыпты температурамен, жарықтың және т.б. сақтығын), жабдықтардың жөнделуін және сабақ барысына оқу құрылдарының дайындығын қамтамассыздандырады;

 

6. Жастар ісі жөніндегі комитет

6.1. Жастар ісі жөніндегі комитет өз ісінде ҚР заңнамасына, осы Ережеге және басқа да нормативтік құқықтық актілерге бағынады;

6.2. студенттер Колледждің Жастар ісі жөніндегі комитет құрамына кіре алады;

6.3. Жастар ісі жөніндегі комитет студенттердің жалпы сайлауында сайланған тұлғалардан құралған;

6.4 Жастар ісі жөніндегі комитет

  • студенттер, топ старостасының қызметтерін үйлестіреді;
  • студенттерді өз беттерінше Колледждегі қоғамдық-пайдалы және қатысты аймақтардағы жұмыстарды орындау үшін шақырады;
  • Колледж әкімшілігіне материалдық құндылықтардың сақтығын бақылауды ұйымдастыруға көмек береді;
  • студенттер қызығушылығын арттырады;
  • мәдени-бұқаралық жұмыстар өткізуді ұйымдастырады.

6.5. төмендегі мәселелер тиісті түрде Жастар ісі жөніндегі комитетпен келісілу керек:

  • студенттерге қолданылатын мадақтау және тәртіп жазасын қолдану шаралары;
  • Колледждегі сабақтан тыс іс-шаралар жоспары;
  • және басқа да мәселелер, егер олар тікелей Колледждің нормативтік актілерінде көрсетілсе;

Колледж Әкімшілігі Комитет мүшелерін табысты жұмыстары үшін моральды және материалды мадақталулары үшін шаралар қолданады;

 

7.Оқу тәртібі, оқу уақыты және оны пайдалану

7.1. оқу жылы 1 қыркүйектен басталады. 2 семестрден тұрады және берілген білім беруші-кәсіби бағдарлама бойынша оқу жоспарына сәйкес аяқталады;

7.2. Колледждегі оқу процессі оқу жоспарына және сабақ кестесіне сәйкес (дүйсенбіден жұмағадейін) аптасына бес күн бойы жүзеге асырылады.

Демалыс немесе мейрам күндеріндегі оқу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кей жағдайларда ғана болады;

7.3. сабақ кестесін директордың оқу ісі жөніндегі және практикалық оқыту жөніндегі орынбасары бекітеді және ол бекітілген орынға ілінеді;

7.4. барлық оқу және оларға қатысты орындарға сабақ басталғаннан кейін қалыпты оқу сабақтарын жүргізу үшін тыныштық пен тәртіп қамтамассыздандырылу керек;

7.5. сабақ басталғаннан кейін аудиториялардан студенттердің шығып кірулері оқытушының рұқсатымен ғана жасалады;

7.6. әрбір академиялық топта студенттердің үлгерімін есепке алу журналы орнатылған формада жасалады, күн сайын сабақ басталғаннан кейін топ старостасы сабаққа қатысушылар мен келмегендерді белгілейді;

7.7. себепті жағдайлармен сабаққа келмеген жағдайда студент келесі күні топ старостасын, топ жетекшісін және бөлім меңгерушісін хабардар ету керек және сабаққа келген күні ақтаушы сипаттағы мәліметтерді сақтайтын орнатылған үлгідегі құжатты және қатыспаған себебі туралы мәліметтерді ұсынады (анықтама, хаттар, телеграммалар және т.б.);

7.8. қатыспаған сабақтарды студент директор орынбасарымен бекітілген кестеге сәйкес өтейді. Қатыспаған сабақтарды студент мониторинг орталығында кезекші оқытушымен сабақтан тыс өтейді;

 

8.Оқудағы жетістіктері үшін мадақтау 

8.1. оқудағы және Колледждің қоғамдық, мәдени және ғылыми өміріне белсене қатысқаны үшін студенттерге төмендегі моральды және материалды мадақтау формалары орнатылады:

а)алғыс жариялау;

б)Колледждің құрмет граммотасымен марапаттау;

в)басқа да мадақтау шаралары;

Мадақтау Колледж директорының бұйрығымен жарияланады, барлық ұжымдарға мәліметтенеді және студенттің жеке ісінде сақталады;

 

9.Оқу тәртібін бұзғаны үшін қойылатын жауапкершілік 

9.1. Колледж Жарғысында, Ішкі тәртіп ережелерінде көрсетілген оқу жоспарларын орындамағаны, бұзғаны үшін төмендегі тәртіп ықпалынсыз келесі шаралар қолданады:

1) ескерту;

2) сөгіс;

3) колледжден шығару;

9.2. студенттерге төмендегі жағдайлар кезінде тәртіптік шаралар қолданылады:

а)осы ішкі тәртіп ережелерінде көрсетілген міндеттерді бір рет немесе жүйелі орындамаған кезде;

б)оқу орнын тағайындаусыз пайдаланғаны үшін;

в)оқу орнына зиян келтірген іүшін;

г)есірткі заттарды сақтаған, таратқан жағдайда;

д)Қазақстан Республикасының заңнамаларында көрсетілген басқа да жағдайларда;

е)студентке ешбір себепсіз сабақтарға қатыспағаны үшін:

  • 36 сағатқа – ескерту жарияланады;
  • 72 сағатқа – сөгіс жарияланады;
  • 144 сағатқа – колледжден шығарылады.

9.3.тәртіп шараларын қолдану Колледж директорының бұйрығымен ресмилендіріледі;

9.4. құжаттарға суық қарағандары үшін (студенттік билетті, сынақ кітапшасын және т.б. жоғалтқаны үшін) студенттерге тәртіптік жаза қолданылады. Құжатты жоғалтқан жағдайда оның көшірмесі студенттің Колледждегі оқу мерзіміне бір рет беріледі.Жоғалған студенттік билетті және сынақ кітапшасын студент өз қаржысына қалпына келтіреді;

9.5. студентке Колледж Жарғысын бұзғаны үшін қолданылатын жаза, алдын-ала Колледждің студенттік кәсіподағымен келісіледі. Академиялық үлгермеушілігі және оқу тәртібін бұзғаны үшін оқудан шығарылуы студенттер кәсіподағымен келісілмейді;

9.7. тәртіптік жаза, сонымен қатар оқудан шығарылу, Колледж студентіне одан жазбаша түрінде түсініктеме алған жағдайда ғана қолданылуы мүмкін. Білім алушының жазбаша түрде түсініктеме бермегені оған тәртіптік жаза шараларының қолданылуына кедергі етпейді. Әрбір тәртіпсіздікке тек бір ғана тәртіптік жаза шарасы қолданылады;

Әрбір тәртіптік жаза шарасы жөніндегі мәлімдеме білім алушының жеке ісіне енгізіледі.

9.8. тәртіптік жаза қолданылған кезде жасалған тәртіпсіздік пен жағдайдың ауыртпашылығы есепке алынады.

9.9. студенттерді ауырған жағдайда (құжатпен расталған кезде) академиялық демалыс кезінде оқудан шығару мүмкін емес;

9.10. колледж оқушыларын олардың құқыққа қайшы іс-әрекеттер жасаған кездерінде оқудан шығару, ҚР «Білім туралы» заңына сәйкес, Колледж Жарғысымен анықталады:

-студент Колледжден төмендегі жағдайларда оқудан шығарылады:

-өз еркімен, соның ішінде ауруы бойынша және басқа оқу орнына ауыстырылған кезде;

-академиялық үлгермеушілігі үшін сессия кезінде үш немесе одан да көп қанағаттанарлықсыз бағалар алған кезде, белгіленген уақыт ішінде академиялық қарызын өтемесе;

- келісім шарт шарттарын бұзған жағдайда;

-Колледж Жарғысында және осы Ережеде көрсетілген міндеттерді өрескел немесе бірнеше рет бұзғаны үшін;

-сот үкімімен заңды күшке енген қылмыстар жасалса, сондай-ақ студенттің Колледждегі атағын даттайтын басқа да құқыққа қайшы іс-әрекеттер жасалса;

- есірткілік заттар қолданған болса;

-егер студент себепсіз жағдайлармен сабақ барысына ағымдағы жыл бойы немесе оқу жылының семестірінде қатыспаған болса, сабақ басталған кезден бастап күнтізбелік ай ішінде Колледжден шығарылуы мүмкін.

 

Жаңартылған күні: 20.06.2019 10:29
Құрылған күні: 06.02.2020 15:53

Біз әлеуметтік желідеміз!

   

Ұйымдар тізімі
Текст