АҚМОЛА  ОБЛЫСЫ  БІЛІМ  БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ «ШАҒАЛАЛЫ АУЫЛЫ, ЖОҒАРЫ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «ВЫСШИЙ АГРОТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, СЕЛО ЧАГЛИНКА»  ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ  ОБЛАСТИ  

Білікті мамандар ел болашағы.

03.04.2017

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2017 жылғы 31 қаңтар «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік». Ел басшымыз кезекті жолдауында білім саласына да тиісті ұсыныстар беруді тапсырды. Жолдаудан қысқаша үзінді.

- Менің бастамам бойынша биыл «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы іске асырыла бастады.

 Кәсіптік білім беру жүйесінде, мен айтқандай, экономикадағы жаңа өндірістер үшін мамандар дайындауға ден қою керек. Ол үшін кәсіптік стандарттар еңбек нарығының талаптарына және ең үздік әлемдік оқу-өндірістік тәжірибелерге сәйкес жаңартылуы қажет. Сонымен қатар, материалдық-техникалық жабдықталу деңгейіне, білім беру бағдарламаларына қатысты бақылау мен талап күшейтілуі қажет делінген.

    Бүгінгі нарықтық заманда ауыл шаруашылығына жаңаша қызмет атқаратын білікті мамандар қажеттілік етеді. Өйткені ғылым саласы ғарыштап өркендеу кезеңде кешегі мен бүгінгіге тоқталу мүмкін емес. Зеренді ауданына қарасты Агробизнес колледжі алдымыздағы жылда 50 жылдық торқалы тойын атап өтпекші. Мамандық даярлауда осынау жылдар бойғы мол тәжірибеге бай. Мыңдаған түлектеріміз байтақ Қазақстанымыздың әр салаларында еңбек етіп мемлекетіміздің нығайуына шексіз үлес қосуда. Біздің колледжде ондаған мамандықтар даярланады. Соның бірі колледждің құрылуымен астасып келе жатқан ауыл шаруашылығына ауадай қажеттің  бірі техник -механик мамандығы. Бұл мамандық  еліміздің басқа салаларына да кең сұранысқа ие.

    Алдынғы жылғы жолдауда  Елбасы  « техникалық және кәсіптік білім беруде, кадрлар даярлауда мемлекеттік – жекеменшік әріптестік аясын тығыз байланыстыру» делінген. Жоғарғы   курс студенттерді  түбегейлі өндірістік тәжірибеден өтуі білім беру орындарына тапсырғаны да белгілі.

       Осыған орай Агробизнес колледжінің директоры Карабаев Қ.Т. және оқу практика жұмысының жетекшісі Турлыбекова С.Х. басқаруымен әлеуметтік серіктестік мекемелермен ұзақ мерзімді шартқа отырып  көктемгі егіс,

күзгі орақ науқанына жоғарғы курс студенттері практикалық жұмыстарға қатыстырылуда. Осы мекемеден еңбегіне қарай оқушылар қосымша айлық беріледі. Сондай мекемелердің бірі «Есіл Агро» ,«Арқа Зеренді», «Сенімжер»

әлеуметтік серіктестігі бүгіндері аталмыш мекемелер Агробизнес колледжімен тығыз байланыста. Аталған мекемелердің тәжірибелі мамандары жылдағы мемлекеттік емтихан кезінде комиссия мүшелігінде төрағалық етуде.  Егін орағы аяқталып ауыл шаруашылық мерекесі колледжімізде кең ауқымда аталып өтерде әр қашан қатысып көмектерін көрсетуде. Жылдағы дәстүрлі мезанизаторлар сайысы өткізілгенде тығыз уақыттарына қарамастан әлеуметтік серіктестер дөңгелек столға студенттермен қатысып тәжірибе-пікір алмасу  оқушыларымызға үлкен серпін

беруде. Соның бір дәлелі ағымды жылда обылыстық шеңберде өткізілгн «Жастар Агрофорумы-2016»  

      Өндірістік практикада ондаған студентер жаңа техникалардың қыр-сырларына үңіліп мол тәжірибе алып қайтады. Биылда колледжіміздің жоғары курс  студенттері  жетекшілігімен өндірістік практиканы өткізді. Оқушыларымыз жататын орнымен, ыстық тамағымен демалыс орнымен қамтамасыз етілді. Алдымен шеберханада техникаларды жөндеу,сапалы жүргізу басқада прақтикалық тәжірибе жинақтады. Оқушылардың пікірін тыңдағанда теория мен

практиканы іс жүзінде ұштастыру жаңаша тәжірибе жинақтауға мол мүмкіншілік беретіндігін білдірді. Өндірістік практикада өз шеберліктерін көрсете білген студенттеріміз Катаев А, Бейсенбай Б, Жаңбырбаев Б, Құжат Қ,

Нұрлыбек А, Сайдбек Б, Панабергенов М, Болатбек А, Садуақас Р. Осы серіктестік басшыларынан алғыс хаттар

келгенде оқушыларымыздың келешектеріне зор сенім ұялатыны байқалады. Алдымыздағы өндірістік практиканы өткізуге үшінші курс студенттері  әзірлік үстінде.

    Техник-механик даярлау саласында аянбай еңек етіп жүрген арнайы пән оқытушылары білікті  ұстаздар Балтин М.А., Оспанов А.Д., Манабаева Ә.Қ өндірістік оқу шеберлері Идаятов Қ.Б., Жақсыбаева Ж.С., Бекенов Ж, Жанабаев А, Абуов А.Г.  зор еңбектерін атап өтуге тұрарлық. Бүгінгі таңда оқу сапасының арттыру мақсатында колледж басшылығы заманға сай жаңа техникалармен шеберханаларымызы жаңартуда. Оқушыларға барлық жағдай жасалған жатақхана, асқана оның ішінде әлеуметтік төмен отбасыларға тегін үш мезгіл ыстық тамақ, спортзал, түрлі үйірмелер,оқу орны  соңғы үлгідегі жабдықтармен жабдықталған, ай сайын шәкірт ақы төленеді. Қосымша мамандықтар игеруге мүмкіншілік бар.

     Басқада мамандықтар бойынша оқып жатқан оқушылар тәжірибе жинақтау кезеңін барынша пайдалануда. Мемлекеттік СЕРПІН бағдарламасымен келген оқушылар  ақпан айында кезекті мемлекеттік емтихандарын аяқтап, дипломдарын алып өндірістерге маман ретінде аттанғалы жатыр.

 

Просмотров: 395


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желідеміз!

   

Ұйымдар тізімі
Текст