АҚМОЛА  ОБЛЫСЫ  БІЛІМ  БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ «ШАҒАЛАЛЫ АУЫЛЫ, ЖОҒАРЫ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «ВЫСШИЙ АГРОТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, СЕЛО ЧАГЛИНКА»  ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ  ОБЛАСТИ  

Бүгінгі сапалы білім – ертеңгі жарқын болашақ

25.05.2017

   Біздің аграрлық бизнес колледжі кәсіптік және техникалық білім беру колледждер арасында жоғары деңгейлі болып саналады. Олай айтатыным, колледжде жоғары білімді мамандық алу үшін қазіргі заманға сай қажетті барлық жағдай жасалынған. 1997жылдан бастап «Элеватор,ұн жарма құрама жем өндірісі» мамандықтары дайындалады. Осы мерзімде 210түлектер бітіріп шықты. Осы мамандық бойынша білім стандарты талабына қарай 13оқулық дәрісхана, 3 зертхана,барлық қажетті көрнекі техникалық оқыту құралдарымен жабдықталған. Мамандарды дайындауда 3 арнайы оқытушылар дәріс береді; жоғары дәрежелі Калкабаева Лена Нұрсәлімқызы, Махамбетова Мадина Хасиқызы және Досбатыров Бітеген Тынымбайұлы. Оқытушылар оқушылармен бірге ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысады. Ғылыми-зерттеу жұмысы оқытушылардың кәсіптік деңгейін жоғарылатып,оқуда инновациялық проблемаларды шешеді. Білім беру деңгейінде инновациялық технологияны қолдану арқылы оқытушылар сабақ процесін толықтыра отырып оқуға қызығушылықтарын жоғарылатып толықтырады. Оқушыларға теориялық білім бергенде элеватордың және нан қабылдау пунктерінің функциясын,өсімдіктердің өнімін қабылдау тәсілін,талдау жасауды және астық қабылдағанда құжат толтыруды үйретеді. Теориялық білім зертханалық тәжірбиелік сабақта,өндірістік техникалық тәжірбиеде пысықталады.Өндірістерде тәжірибе өткенде оқушылардың нәтижесіне қарай мадақталады және директордың атына алғыс хат беріледі. Осы мамандық Қазақстанда сұранысы жоғары.Біздің түлектердің келешекте жұмысқа орналасу деңгейі жоғары. Олар тек қанаАқмола облысында ғана емес,басқа облыстарда да жұмыс жасайды. Атап айтсақ, Мұстафин Фархад- «Ақмола Бидай»ЖШС-де бас маман, Қадырбек Толғанай- «Ақмола Бидай»ЖШС-де лаборант, Қажымұрат Құбайдолла - «Ақмола Бидай»ЖШС-де техник-технолог, Мырзахмет Ғибадат-Қызыл орда қаласында «Абзал и Компания»ЖШС-де техник-технолог,  Мажитова Асемгүл-Көкшетау қаласында «Рамазан» диірмесінде лаборант, Құрманбаева Айнаш- Астана қаласында «Цесна Астық» ЖШС-де техник-технолог болып жұмыс жасап жатыр.

 Кәсіби қызмет саласы бойынша:

   • Элеватор, ұн тарту, жарма және құрама жем өндірісінің технологиялық үрдісін ұйымдастыру, қадағалау және бақылау жасау;

   • өндірістің технологиялық және микробиологиялық бақылауын ұйымдастыру;

   • шикізаттың және дайын өнімнің сапасын анықтау;

   • жабдықтардағы белгіленген ұнтақтау тәртіптерін,жүктеу салмағын қадағалау;

   • қызметтегі жабдықтардың техникалық жағдайын қадағалау,тоқтаусыз және үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету. 

 

Элеватор өндірісінің техник технологы нақты астық қоймаларын персоналды даярлау үшін мамандандырылады. Практика кезінде теориялық және практикалық білімдерін ұштастырып элеватор операторының пульт басқармасын және де басда да кәсіпорын кәсіпкер талаптарын,бидай сақталуын,тұтынушыларға жөнелтуін, элеватор құрал жабдықтарын, технологияны пайдалану ,ауыл шаруашылық өнімдерін қабылдауды білу керек.

Өндірістік технологиялық және микробиологиялық бақылауын ұйымдастыру,шикізаттың және дайын өнімнің сапасын анықтау,технологиялық үрдіс дұрыс жұмыс істемеген кезде және жабдықтар бұзылған жағдайда өзгерістерді табу,шикізаттың сапасы мен нақты бір шарттарына сәйкас технологиялық үрдістерді өзгерту,қызметтегі жабдықтардың техникалық жағдайын қадағалау және тоқтаусыз,үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажет.

Просмотров: 538


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желідеміз!

   

Ұйымдар тізімі
Текст