АҚМОЛА  ОБЛЫСЫ  БІЛІМ  БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ «ШАҒАЛАЛЫ АУЫЛЫ, ЖОҒАРЫ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «ВЫСШИЙ АГРОТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, СЕЛО ЧАГЛИНКА»  ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ  ОБЛАСТИ  

ТІЛ ТАМЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ.

12.12.2017

Қазақ тілі  әдістемесі – тарихи жағынан дамыған, жетілген теориялық негізі қалыптасқан,белгілі бір жүйеге келген ғылым.

    Орыс тілді адамдарға қазақ тілін  оқытудағы басты мақсат-сөйлей білуге, өз ойын айта білуге, жаза білуге

үйрету, сондықтан да коммукативтік қарым-қатынас бірінші орында тұрады да, грамматика екінші орында тұрады. Осыған байланысты қазақ тілін қазақ топтарында оқыту әдісі мен орыс топтарында оқыту әдісі бірыңғай болып келмейді,олардың арасында елеулі айырмашылықтар болады. Қазақ тілін орыс тілді балаларға игертуде коммуникативтік қарым-қатынас бірінші  орында тұрғандықтан, тіл материалды болсын, оны игеруге негізделген

жаттығулар болсын,сондай-ақ тіл дамыту жұмыстары болсын түгелдей қазақша сөйлей білуге, өз ойын айта білуге бағытталуы қажет.

     Сөйлеу білуге машықтындыратын ұтымды  жолдарының бірі – жаттығу жұмысы. Жаттығулар –тіл дамыту жаттығулары ыңғайында болуы керек. Жұмыстың тиімділігі –тіл үйренушілердің сөйлеу білу дағдыларын қалыптастыруға пәрменді ықпал жасайды.Қазақ тілін оқытуға байланысты

тіл дамыту жұмысын  ұйымдастырудың негізгі мақсаты  -  студенттер белгілі дәрежеде қазақша сөйлеп,

өз ойын басқа біреуге жеткізе алатындай, сондай-ақ өзгенің сөзін ұға , түсіне алатындай деңгейге жету.Студенттерді осындай деңгейге жеткізу үшін тілді жеке сөз  түрінде емес, сөйлем түрінде үйреткен тиімді. Жеке  сөздер мен  грамматикалық ережелерді жалаң түрде  жаттату арқылы  өзге тілді игерту мүмкін емес, себебі сөздер

өзара байланысып, сөйлем құрамына түскенде ғана белгілі бір ойды білдіреді .Тіл үйренушілердің ана тілін таяныш ете отырып, грамматикалық тақырыптарды меңгерту керек .Өз  ана тіліндегі грамматикалық

материалды жақсы игерген  адам, өзге  тілдің грамматикалық  материалдын салыстыра отырып, тез әрі оңай

игереді.Грамматикалық  тақырыптар бір жүйелік ретпен берілуі керек . Мысалы, зат есімді өтпей жатып, септік жалғауларын алу жүйелік шартқа қайшы келген болар еді.Қазақ тілі оқутышыларының мақсаты сөйлеп

білуге, өз пікірін өзгеге жеткізе білуге, тілдік қорын дамытып, қазақ тілін қатынас құралы ретінде пайдалана білуге үйрету. Ол үшін оқытушылар мына әдістерді пайдалана  отырып жұмыс жүргізу керек.

Түсіндіру әдісі - оқытушының оқу  материалын тиянақты, сапалы түрде жеткізуі, яғни оқытушы түсіндірілетін тақырыпты айқын етіп қойып, дәйекті түрде жеткізеді. Грамматикалық тақырыпты басқа  ұлт өкілдеріне  түсіндірген кезде орыс тілінде салыстырмалы түрде  түсіндірген  өз  нәтижесін береді.

Сұрақ-жауап әдісі – ауызша сөйлеуге, тіл дамытуға көмектеседі, бұл әдіс, әсірессе, мәтінмен жұмыс жасау

кезінде өтілген грамматикалық тақырыптарды бекіту мақсатында қолданылады.

Мәтін бойынша тіл дамыту әдісі-   белгілі бір тақырыптағы мәтінмен, мәтінде қолданылатын  сөздікпен  жұмыс жүргізу барысында, мәтіндегі жаңа сөздерге игеруде студент лексикалық  қорын байыта отырып, қазақша сөйлеуге, сұхбаттасуға мүмкіншіліктері  арта түседі.

Аудару әдісі - екі  тілге тән грамматикалық ерекшеліктерді игерту мақсатында, өзара салыстыра отырып қазақ тілін саналы  меңгерту үшін аса тиімді әдістердің бірі. Аударма әдісі сөйлем құрамындағы сөздердің  орын

тәртібін, қазақ  тіліндегі сөз тудырушы, сөз түрлендіруші жұрнақтардың  ерекшеліктерін т.б. меңгеру үшін қолданылады.

Сөздікпен жұмыс істеу әдісі – жаңа сөздерді, сөз   тіркестерін аударып немесе мағынасын синоним сөздер  арқылы жеткізіп, сөздердің өзара байланысын сөйлем құру арқылы түсіндіру.

Демонстрациялық әдісі- материалды сурет, бейне фильм, схема т.б. экрандық құралдар арқылы тез, сапалы түсіндіру.

          Қайталау әдісі – өткен тақырыптарды тиянақты есте қалдыруыдың ұтымды тәсілі. Бұнда  жүйелі, үздіксіз қайталау нәтиже береді.

           Жаттығу әдісі  арқылы қазақ тілі грамматикасынан түсініктеме беріп, оны жаттығу жұмыстары арқылы дәлелдеп, үйренушілерге  бірінші орында грамматика емес, сөйлеу білуге үйрете алады.

           

Әңгімелесу әдісі  арқылы мұғалім студенттің білімін бақылай отырып, жеке студентпен де, әңгімелесу арқылы да сабаққа қорытынды жасай алады  

Басты көңіл  бөлетін мәселе – тіл дамыту мен байланыстырып сөйлеуге арнайы мәтіндер беріліп, олардың үйретілетін грамматикалық тақырыптармен  байланысы ескерілуі жөн.

            Оқулыққа енген  жаттығу материалдары  студенттердің жалпы  ой-өрісін, білімін, дүниеге көзқарасын

қалыптастыру мақсатын  көздеуі керек.

            Мысалы, мәтінді алып, түсіндіру кезінде сөздерді дұрыс түсініп, пайдалану үшін студенттерге   сөздің  негізгі мағынасын білдіру мақсат етілгені жөн. Ең алдымен студентке  сөздің негізгі

мағынасын  түсіндіру керек. Қазақ  тіліндегі  бірқатар сөздердің жеке  тұрған күйіде негізгі мағынасының бола

алмайтынын аңғартуымыз  керек. Сөздің негізгі  және тура мағынасын сөйлем

ішінде контекстерде тұрғанда ғана ажыратуға болатынын айтуымыз керек. Мысалы: Ананың ақ сүтін ақтау. Істің ақ пен қарасын білу. Мал семірер, ақ пен ас көбейер. Бұл сөйлемде «ақ» деген сөздің әр түрлі мағына білдіретінің

түсіндіруіміз қажет.

         Тіл дамытудың тиімді жлодарын меңгере отырып, әр оқытушы сабағын қызықты да құнарлы өткізу мүмкіндігін алады. 

Просмотров: 478


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желідеміз!

   

Ұйымдар тізімі
Текст