АҚМОЛА  ОБЛЫСЫ  БІЛІМ  БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ «ШАҒАЛАЛЫ АУЫЛЫ, ЖОҒАРЫ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «ВЫСШИЙ АГРОТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, СЕЛО ЧАГЛИНКА»  ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ  ОБЛАСТИ  

«Отанды қорғауға дайынбыз!» облыстық кәсіби шеберлік сайысы өтті.

27.12.2017

2017 ж 12-13 желтоқсан аралығында, Щучинск қаласында ҚР КМ Кадет корпусында Қазақстан Республикасы  Тәуелсіздігінің 26 – жылдығына арналған

алғашқы әскери дайындық  ұйымдастырушы оқытушылар арасында «Отанды қорғауға дайынбыз!» облыстық кәсіби шеберлік сайысы

өтті. Сайысқа Ақмола облысының 32 алғашқы әскери дайындық пәнінің ұйымдастырушылар мен оқытушылары және  Абай Мырзахметов атындағы университеттің әскери кафедрасының жеті оқытушысы қатысты. Сайыс өте жоғарғы деңгейде өтті.

Жеңіске жеткендер мадақтама грамоталар және сыйлықтармен марапатталды.

Сайыс  түрлері:

1. Автоматты бөлшектеу және жинау;

2. Пневматикалық винтовкадан ату;

3. Противогаз кию;

4. Қорғаныс комбинезонын кию;

5. Патрондарды оқжатарға жинау;

6. Турникте  тартылу;

7. 100 метрге жүгіру;

8. АӘД. Кабинет презентациясы.

 

Просмотров: 329


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желідеміз!

   

Ұйымдар тізімі
Текст