АҚМОЛА  ОБЛЫСЫ  БІЛІМ  БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ «ШАҒАЛАЛЫ АУЫЛЫ, ЖОҒАРЫ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «ВЫСШИЙ АГРОТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, СЕЛО ЧАГЛИНКА»  ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ  ОБЛАСТИ  

Маман даярлауда – маңызды жоба

23.02.2018

Маман даярлауда – маңызды жоба

 

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге

қабілеттілік» жолдауының аясында жалпы еңбек қоғамын құру және жұмысшы мәртебесін арттыру,  кәсіптік-техникалық білім беру саласына ерекше көңіл бөліп, жастарды аталған салаға тарту, еңбек нарығына бәсекеге қабілетті техника саласындағы мамандарды даярлау бағыттарындағы нақты тапсырмаларды іске асырубағытында

өткізіліп жатыр.

Осындай әлемдік деңгейде инновациялық алаңдардың бірі WorldSkills қозғалысы болып табылады. Қазақстан 2014 жылдан аталған қозғалыстың мүшесіне енді. Бұл жоба жұмысшы мамандықтардың мәртебесін арттыру және дәріптеу бойынша орта және кәсіптік білім беру мекемелерінде маман тапшылығын азайтып, аса қажет кадр дайындауда үлесі зор Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты.Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Мақсатқа жету үшін санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс.

WorldSkills, яғни, аудармасы «Әлемдік бағыт» деген мағынаны білдіретін, осынау жарты әлемнің алдыңғы қатардағы мемлекетке таралған халықаралық қозғалыс. Қазіргі таңда қауымдастық құрамына 75 мемлекет кірсе, Қазақстан соның 2014 жылы енген 70-ші қатысушы-мемлекеті болып табылады.

2018 жылдың ақпан айында Агробизнес колледжінде WorldSkills -2018 колледжішілік байқауы өтті. Конкурс әлеуметтік серіктестердің және техникалық пен кәсіптік білімнің ардагерлердің қатысуымен салтанатты түрде басталды. Чемпионат үш құзыреттілік бойынша өтті: «Аспазшы», «Дәнекерлеу ісі» және «Электро

жөндеуші».

Бұл конкурстың негізгі мақсаты: Мамандықтың мәртебесін, студенттердің және жас мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру, білім алушылардың шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын қолдау, жұмыс дағдысы мен тәсілдерін жаңғырту және облыстық байқауға қатысатын үміткерлерді анықтау болып табылады.

«Аспазшы» мамандығы бойынша 18 оқушы қатысты. Сайыс екі кезеңді қамтыды,      

1 кезең – іріктеу кезеңі, 2 кезең-модулге сәйкес тапсырмаларды орындау. Қатысушылар құс етінен тағам, көкөніспен балықты қақтап пісіру, көкөністен көже, десерт және ұлттық салат дайындады. Жеңімпаз Скуряева Анна, сонымен бірге жүлделі орындарды Тасболатов Нұрбек пен Хажымхан Айсұлу жеңіп алды.

«Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша қатысушылар құрылма құрастырып, көлденең және тік төбе тігістерінің жұмыстарын орындады. Дәнекерлеу ісі қолмен имектеп дәнекерлеу және жартылайавтоматты дәнекерлеу жұмыстары жүргізілді. 1 орынды Сенев Дмитрий, 2 орынды Карпухин Павел, 3 орынды Музурантов Дмитрий жеңіп алды. Сайыстың сарапшылары ЖК «Столяренко», ЖШС «Колос-2014» әлеуметтік серіктестіктер болды. Олар оқушылардың өзіндік дәнекер аппаратын реттей алатын және дәнекерлік тігісті жақсы орындағаны, техника қауіпсіздік ережесін сақтағанын ерекше атап айтты.

«Электро жөндеуші» мамандығы бойынша да 18 оқушы қатысты. Олар құзыреттіліктер бойынша даусыз жеңімпаз:1 орын Абдулла Мейіржан, 2 орын Кенжебай Бақтияр, 3 орын Әйімбет Мәулен иеленді.

Колледжішілік чемпионаттың жеңімпаздары WorldSkills Kazahstan облыстық чемпионатында колледж намысын қорғайтын болады. Олар «Аспазшы» мамандығы бойынша Скуряева Анна, «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша  Сенев Дмитрий, «Электро жөндеуші» мамандығы бойынша Абдулла Мейіржан. Қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, колледж абыройын биік асқақтатып, алған білімдерін шыңдай түссін!

 

 

 

Просмотров: 408


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желідеміз!

   

Ұйымдар тізімі
Текст