АҚМОЛА  ОБЛЫСЫ  БІЛІМ  БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ «ШАҒАЛАЛЫ АУЫЛЫ, ЖОҒАРЫ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «ВЫСШИЙ АГРОТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, СЕЛО ЧАГЛИНКА»  ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ  ОБЛАСТИ  

«Цифрлық агролидерлер» студенттік сайыс

15.04.2024

«Eurasia Group Kazakhstan» компаниясы 2024 жылдың наурыз-сәуір айларында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында «Мансап күні» іс-шаралары аясында «Цифрлық агролидерлер» онлайн студенттік байқауын өткізді. Шағалалы ауылының Жоғары агротехникалық колледжінің «Агрономия», «Кәсіптік оқыту», «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтары бойынша білім алып жатқан студенттері шеберлік сабақтары мен байқауларға белсене қатысты.

2024 жылғы 11-12 сәуір күні «Eurasia Group Kazakhstan» компаниясы Көкшетауда «Цифрлық агролидерлер» байқауының финалын өткізді. Арнайы пәндер оқытушысы М.О.Төребековтың жетекшілігімен «Агрономия» және «Кәсіптік оқыту» мамандықтары бойынша 13 колледж студенті финалға шықты. Біздің студенттер командалар арасында 1, 2, 3 орындарға ие болып, ақшалай сыйлықтармен марапатталды: 1 орын – 450 000 теңге, 2, 3 орын – 210 000 теңге. Студенттеріміз Татьяна Подласова мен Тимур Оруджов 2025 жылы Eurasia Group Қазақстан серіктестеріне Түркияға бару үшін Сертификат жеңіп алды.

Просмотров: 274


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желідеміз!

   

Ұйымдар тізімі
Текст