АҚМОЛА  ОБЛЫСЫ  БІЛІМ  БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ «ШАҒАЛАЛЫ АУЫЛЫ, ЖОҒАРЫ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «ВЫСШИЙ АГРОТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, СЕЛО ЧАГЛИНКА»  ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ  ОБЛАСТИ  

«Шеберлік мозаикасы» облыстық семинарының «Тәлімгерлік - жас педагогтың кәсіби қалыптасуының тиімді әдісі» бағдарламасы өтті.

22.02.2024

2024 жылғы  ақпанның 21-і күні Көкшетау қаласы, Құрылыс технологиялық колледжінде «Шеберлік мозаикасы» облыстық семинарының «Тәлімгерлік - жас педагогтың кәсіби қалыптасуының тиімді әдісі» бағдарламасы өтті. Бағдарламаның мақсаты: жас педагогтардың кәсіби қалыптасуына көмек көрсету. Іс-шара барысында облысымыздың жетекші педагогтері, «Үздік педагог» атағының иегерлері, облыстық, республикалық конкурстардың жеңімпаздары өздерінің тәжірбиелерімен бөлісті. Семинар барысында, «Балаларды табиғат пен таныстыру және оқыту әдістемесі» пәні бойынша ашық сабақ, шеберлік сыныбы «Қазақ әдебиеті сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану», сонымен қатар «Worldskills Фристайл» конкурстық тапсырмасының фрагментін «Бояу және сәндік жұмыстар» құзыреті бойынша мастер-класс көрсетілді. Семинар жоғары деңгейде өтті. Ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз!

Просмотров: 431


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желідеміз!

   

Ұйымдар тізімі
Текст