АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ «ШАҒАЛАЛЫ АУЫЛЫ, ЖОҒАРЫ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МКҚК
Экономикалық пәндер бойынша оқытушы лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарлайды
Лауазымы: Экономикалық пәндер бойынша оқытушы
Мекен-жайы: Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Шағалалы ауылы, Ынтымақ ш/а, 6. E-mail: vatk1968@mail.ru, тел. / факс : 8(716-32) 24-1-47
Жалақы мөлшері: тарифтеуге сәйкес.
Біліктілік талаптары: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі және жұмыс өтіліне талаптар қоймай кәсіптік қайта даярлаудың болуы.
Біліктіліктің жоғары деңгейі болған жағдайда: мамандығы бойынша жұмыс өтілі педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін – кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл, педагог-шебер үшін – 5 жыл.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 10.11.2023 ж. бастап 16.11.2023 ж.дейін
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізімі:
1) Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (Бар болса - нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.