Өзін – өзі тану : «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндік шеңберінде жоғары агротехникалық колледжінде
ақпанның 25 күні жоғары санатты, Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімі
Сариева Динара Саветқызы «Қазіргі жастарға патриотизм тән бе?» атты дебат өткізді. Бұл іс - шараның мақсаты:оқушыларды патриоттық,
ұлтжандылық қасиеттерге, тарихи құндылықтарға деген ойларын қозғау.Сөз шеберлігін өрбітіп , өз пікірін анық айтып,дәлелдеме келтіру,қабілеттерін дамыту деп түсіндірді.
Жүргізуші дебатқа лайықты психологиялық жағдай орнатты.Бұл дебат
үш кезеңнен тұрды.
І кезең : «Белес» ; ІІ кезең : «Асу» ; ІІІ кезең : «Шың»
Оқытушы дебатты бастады. «Ерім дейтін ел болмаса,елім дейтін ер қайдан болсын». Бүгінгі таңда осы тектес нақыл сөздерді алға тартып,біз мемлекетіміздің жастар қауымын бірінші орынға қойып,келешектің кілтін соларға табыстамақ ниеттеміз.Бүгінгі тәуелсіз елдің жастарының бойындағы патриоттық рух қандай ? деген сұрақты талқыға саламыз деді.
Осы сұраққа екі қарсыласушы топ « Ақиқат» және «Парасат» жауап беруге тырысты, пікірін дәлелдеу үшін әртүрлі әдістер пайдаланды,шағын видиоролик,ситуациялық жағдайларды қолданды.
Дабатқа студенттер белсене қатысып,сөздерін заң баптарымен,тарихи
тұлғалармен, әлемде болып жатқан жаңалықтармен дәлелдеді.Әр топ зерттеу ретінде видио материалдарын ұсынды.Дебат тақырыбын ашты.
Аудиторияны қызықтырды.
Сарапшылар қорытындылай келе,дебаттың қорытынды шешімін шығарып,
әділқазылар алқасы сөз сөйледі.Ақиқат тобының дәлелдемелері,дайындығы мол болып,алға озып шықты.Патриотизм жайлы ойын нақты мысалдармен, сөздермен дәлелдеп жеңіске жеткен,үздік спикер атанған Ғаниұлы Алпамыс болды.Сарапшылардың пікірінше Алпамыс тек қана топтармен емес,көрермендермен де жұмыс жүргізді. Жеңімпаз болған «Ақиқат» тобының ұлдары марапатталды.Және белсенділік танытқаны үшін
«Парасат тобының» қыздары марапатталды.Отанымыздың болашағы жастардың патриотизм туралы ойлары мен істерін дамыту үшін осындай дебаттардың орны бөлек.