АҚМОЛА  ОБЛЫСЫ  БІЛІМ  БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ «ШАҒАЛАЛЫ АУЫЛЫ, ЖОҒАРЫ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «ВЫСШИЙ АГРОТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, СЕЛО ЧАГЛИНКА»  ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ  ОБЛАСТИ  

«Балаға жүрек жылуы»

18.02.2020

Жоғары агротехникалық колледжінде барлық топтың  жетекшілері «Балаға  жүрек  жылуы»  Сара Алпысқызы Назарбаеваға арналған топ сағат өткізді. Топ сағатының мақсаттары: Қазақстанның бірінші ханымы, «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының

Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолы,жалпы адамзаттық

рухани құндылықтарға бастайтын қайырымдылық іс шаралары,еліміздегі адамгершілік рухани білім беруінің дамуына қосқан өлшеусіз үлесі,жер бетінде өмір сүрген барлық халықтардың арманы өзара түсіністік пен

сыйластықты сақтауы деген қағидасы жайлы түсіндірді.Топ жетекшілер сабағының дәйек сөзі ретінде «Табиғаттағы барлық жылу – күннен,Өмірдегі барлық жылу –адамнан»,екенін сабақтың тақырыбымен байланыстырды.

Тәрбие сағаты Сара Алпысқызы Назарбаеваға  арналғандығын айтып,еңбек жолы,қоғамдық  жұмыстары  жайлы бейнебаян көрсетті.

Яғни Сара Алпысқызының көптеген кітаптардың авторы екенін айттып және балалардың құқықтарын қорғау саласындағы еңбектері үшін ордендермен, медальдармен  марапатталғандығын баяндады.Тақырыпқа сай топтық тапсырмалар берілді.(шағын эссе жазу,сурет салу,дәйек сөз құрау)

Әр топтың студентері тапсырмаларын ойдағыдай орындап шықты.

Топ жетекшілер тақырыпқа сай әндерін айтқызды.

1.Әлемнің жарығын сыйладың сен маған.

2.Анам үшін мақтанам.

3.Анам менің ардақты.

4.Анам асыл қазынам.

Ана – тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі,бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Өмірде анаға деген сағыныш,оның ыстық мейірімге толы жылы құшағын аңсамайтын адам бола қоймас.Күннің шуақты сәулесіндей ыстық ана жүрегі,одан туындайтын ана махаббаты әр перзнт үшін қымбат дей келе сабақтарын қорытындылап аяқтады.

Просмотров: 432


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желідеміз!

   

Ұйымдар тізімі
Текст