АҚМОЛА  ОБЛЫСЫ  БІЛІМ  БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ «ШАҒАЛАЛЫ АУЫЛЫ, ЖОҒАРЫ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «ВЫСШИЙ АГРОТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, СЕЛО ЧАГЛИНКА»  ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ  ОБЛАСТИ  

«ЕЛІН СҮЙГЕН, ЕЛІ СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ!»

03.12.2019

Мақсаты:

  • 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мерекесінің мәнін ашу; Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
  • Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу;
  • Студенттердің бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру.

Түрі:ашық тәрбие сағаты

Көрнекіліктер: слайдтар, бейнефильм, ән

І. Ұйымдастыру кезеңі.

- Қайырлы күн тәуелсіз елдің қадірменді азаматтары, ұлдары мен қыздары бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған «Елін сүйген, елі сүйген елбасы!» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

Мақсаты:

  • 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мерекесінің мәнін ашу; Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
  • Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу;
  • Студенттердің бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру.

Түрі:ашық тәрбие сағаты

Көрнекіліктер: слайдтар, бейнефильм, ән

І. Ұйымдастыру кезеңі.

- Қайырлы күн тәуелсіз елдің қадірменді азаматтары, ұлдары мен қыздары бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған «Елін сүйген, елі сүйген елбасы!» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

- Барша Қазақстан халқы 1-желтоқсанда Тұңғыш Президент күні мерекесін тойлауға дайындалып жатыр.

-Неліктен Тұңғыш Президент күні мерекесі 1-желтоқсанда аталып отыр?

Өйткені, 1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақстан Президенті етіп сайланды.

Ортаға Нұр ағамызға арналған өлең жолдарын оқу үшін студенттерді шақырамыз. (Студенттер өлең жолдарымен ортаға шығады)

 

  • Біз бүгін ұлтымыздың кемеңгер данышпанына айналған білімді,ақылды,өзінің ұстанған саясаты бар Нұрсұлтан Назарбаев туралы бар білгенімізді ортаға салайық. Президент біз үшін ұлы тұлға. Біз Елбасымен мақтана аламыз. Мақтай да аламыз.

Елбасы туралы көп бейнефильмдер түсірілген, соның бірін тамашалайық.

  • Ел үшін еңбек еткен Елбасымыз- Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолына шолу жасайық. Ортаға Сапар Тоғжанды шақырамыз.
  • Біздің Президентіміз –Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев .
    Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет.
    Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.
    Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен біздің Отанымыз әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін тантты. Елбасымыздың саясаттағы жетістіктерімен танысайық. 

Рсалы Бексултан Елбасымыздың билік еткен жылдарындағы жетістіктері жайлы айтып береді.

  • Ортаға Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігін, жоғары санатты оқытушы Орал Қабікенұлын шақырамыз.
  • Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың« Біз көшпенділердің ұрпағымыз. Ержүрек халықтың жалғасымыз.

Мен жастарға сенемін. Әрқашан тұрақтылықты қорғап, бірлікті

сақтаңдар» деген сөзімен сабағымызды аяқтаймыз.

Әрқашан елін сүйер, жерін қорғар азамат болып өсулеріңе тілектеспін. Назарларыңызға рахмет! Сау болыңыздар.

 

Ортаға шығып ән айту

             Бүгін колледжімізде Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті мерекесіне орай «Елін сүйген, Елі сүйген ЕЛБАСЫ! » атты ашық топ сағаты өткізілді. Топ сағатында студенттеріміз Елбасына арналаған өлең жолдарын оқып, бейнефильмді тамашалады. Сонымен қатар колледжіміздің ардақты ұстазы, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі Орал Қабікенұлы Н.Ә.Назарбаевтің саясаттағы жетістіктері мен еліміз үшін жасаған тарихи бастамалары жайлы айтып кетті, студенттермен ашық түрде диалог жүргізді. Топ сағаты «Нұр аға» әнін орындаумен аяқталды.

Просмотров: 562


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желідеміз!

   

Ұйымдар тізімі
Текст