АҚМОЛА  ОБЛЫСЫ  БІЛІМ  БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ «ШАҒАЛАЛЫ АУЫЛЫ, ЖОҒАРЫ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «ВЫСШИЙ АГРОТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, СЕЛО ЧАГЛИНКА»  ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ  ОБЛАСТИ  

"STEAM оқыту

25.11.2019

Шағалалы ауылы, Жоғары агротехникалық колледжінде 20 қараша 2019  жылы Ақмола облысы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының" STEAM " техникалық бағыттағы әдістемелік бірлестігінің 1 отырысы өтті.

   Семинарға қатысушылар: облыстық білім  басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті, Ақмола облысы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арнайы пәндер оқытушылары мен шеберлері.

    Семинар-практикумның негізгі  мақсаты:

1.Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жаңа білім беру технологияларын енгізу бойынша тәжірибе жинақтау,

2. Білім беру үдерісіне Worldskills стандарттарын енгізу бойынша тәжірибе алмасу,

3. Студенттердің дәрісханадан  тыс іс-әрекетін ұйымдастыру бойынша озық педагогикалық тәжірибе жинақтау.

     Семинарды Ақмола облысы бойынша ТжКБ басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің бөлімінің басшысы Сералина Сауле Салимжановна ашты.

Пленарлық бөлімде Жоғары агротехникалық колледжінің директоры  Қарабаев Қайыргелді Теміржанұлы өзінің құттықтау сөзін айтты. Техникалық бағыттағы ӘБ жұмыс жоспарымен Жоғары агротехникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы, ӘБ төрағасы Аккушкаров Данияр Есімжанұлы таныстырды. Бірнеше оқытушылар өздерінің тәжірибелерімен бөлісті. Практикалық бөлімінде оқытушылар мен шеберлер 2 топқа бөлініп, өз ойларымен бөлісті. «Біз бір командамыз,бізде бір мақсат бар» тақырыбында психологпен тренинг өткізілді. Семинар қорытындысы шығарылды. Семинар соңында оқытушылыр мен шеберлерге колледжге экскурсия жасап, концерттік бағдарлама  ұсынылды.

Просмотров: 427


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желідеміз!

   

Ұйымдар тізімі
Текст