АҚМОЛА  ОБЛЫСЫ  БІЛІМ  БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ «ШАҒАЛАЛЫ АУЫЛЫ, ЖОҒАРЫ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «ВЫСШИЙ АГРОТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, СЕЛО ЧАГЛИНКА»  ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ  ОБЛАСТИ  

«ЖАСТАР АГРОФОРУМЫ – 2019: Болашақ кәсіпқойлардікі!» «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша

29.10.2019

 Ақмола облысының жас аграршыларын  жинаған Агрофорум тартысты өтті. Агрофорумның екінші күні «Туған жер» сайысынан басталды. Сайыс келесі номинациялардан тұрды: «Поэзия»; «Музыка шығармашылығы»;  «Би шығармашылығы»; «Қолданбалы-қолөнер шығармашылығы».  Бұл шығармашылық конкурстар Абай Құнанбаевтің 175 жылдығы мен Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған.

               Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Ә.Назарбаевтің «Рухани жаңғыру» тұжырымдамасы негізінде Казақстан-2050" стратегиясын іске асыру мақсатында жұмысшы мамандықтарының танымалдылығын насихаттау үшін үздік механизатор конкурсы өткізілді. Агротехникалық колледждердің үздіктері колледж автотрактодромында бақ сынасты. Ал дәрісхана залында қатысушылар өздерінің бизнес-жоспарлары мен ғылыми жобаларын қорғай алды. Жастар бастаған қызу тартыстың үстінде үздіктер анықталды. « Жастар Агрофорумы -2019» байқау жеңімпаздарын номинация бойынша марапаттаудың салтанатты рәсімін барлық қатысушылар тағатсыздана күтті.

               Слёттің  салтанатты жабылуына Ақмола облысының білім басқармасының кәсіптік және техникалық білім беру бөлімінің басшысы Садвакасов  Бекжан Серикович және бас маманы Бекбаев Кенжебай Айдосович қатысып, келесі номинациялар бойынша марапаттады.

- «Үздік жас механизатор» Гран-при Сейсенбаев Карим Жоғары агротехникалық колледж, Шағалалы ауылы

- «Үздік жас өсімдік өсіруші»- І орын Евсеев Владимир, Агротехникалық колледж № 8, Ерейментау қаласы

- «Жас маман - жастар авангарды». І орын Салимов Канат - Агротехникалық колледж № 3, Красный яр ауылы

- «Үздік жас фермер»-  І орын Ерназар Аяжан, Жоғары агротехникалық колледж, Шағалалы ауылы

 - «Үздік жас зерттеуші»- І орын  Назымбек Айгерім, Жоғары агротехникалық колледж, Шағалалы ауылы

- «Үздік көкөніс өсіруші»- І орын Зайниев Радион- Жоғары агротехникалық колледж, Шағалалы ауылы

- «Жастардың үздік ұстазы»- І орын Драпиковская Юлия- Жоғары агротехникалық колледж, Шағалалы ауылы;

 - «Үздік əлеуметтік серіктес». І орын Есмаганов Азамат –Агротехникалық колледж № 3, Красный яр ауылы

Үздік бизнес план. І орын Өмірзақ Зауре, Жоғары агротехникалық колледж, Шағалалы ауылы

Туған жер сайысының жүлдегерлері: Вокал номинациясы бойынша І орын Құсбегиева Тоғжан, Қолданбалы өнер номинациясы бойынша Курындина Татьяна ,Поэзия номинациясы бойынша Алевцева Ксения,Би өнері номинациясы бойынша Томирис би тобы марапатталды.

               Жалпы колледждардың рейтингі бойынша  ІІІ орын Дипломымен  Есіл қаласының Агротехникалық колледж №7, ІІ орын Дипломымен Агротехникалық колледж № 3, Красный яр ауылы,І орын-мектеп интернат колледж №5 Бозайғыр ауылы марапатталса, Шағалалы ауылы Жоғары агротехникалық колледж Гран-при иегері атанды.,

               Жастар агрофорумы жас аграршылардың бір бірімен танысып, тәжірибе бөлісетін керемет сайыс. Осы сайысты ұйымдастырған Жұлдыз ұйымына көп рахмет.

Просмотров: 422


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желідеміз!

   

Ұйымдар тізімі
Текст