АҚМОЛА  ОБЛЫСЫ  БІЛІМ  БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ «ШАҒАЛАЛЫ АУЫЛЫ, ЖОҒАРЫ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «ВЫСШИЙ АГРОТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, СЕЛО ЧАГЛИНКА»  ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ  ОБЛАСТИ  

«ЖАСТАР АГРОФОРУМЫ – 2019: Болашақ кәсіпқойлардікі!»«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша

26.10.2019

 

 

         «Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымдарының одағы» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен, жастар арасындағы ауыл шаруашылық мамандықтарының  беделін жоғарылату мақсатында ұйымдастырылған «Жастар Агрофорумы -2019:  Болашақ кәсіпқойдікі»  Жоғары агротехникалық колледжінде 2019 жылдың 24 қазанда  басталды. Сайыста бақ сынауға   Ақмола облысының  10 агротехникалық колледжі келді, жалпы қатысушылар саны  115. Бұл жастар слётінің ашылу салтанатына Ақмола облысының білім басқармасының басшысының орынбасары Гамазов Валерий Георгиевич қатысты. Ол осындай  ауылшаруашылықтың дамуын қолдайтын іс шаралардың маңыздылығы туралы айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жастардың қоғамдық және еңбек қызметіндегі жетістіктері "Қазақстанның ауыл  шаруашылығы: тəжірибе, инновациялар, прогресс" атты көрмесінде көрініс алды.  Көрме эстетикалық тұрғыдан да өнім түрлерінің молшылығынан да жоғары деңгейде безендірілген.

«Мистер жəне Мисс АГРОФОРУМ 2019» байқауына барлық қатысушылар жан-жақты дайындалған. Өз колледждерін визит карточкасы арқылы толық таныстыра білді.

Өңіріміздің талапты, дарынды, ақылды жастары жиналған Агрофорум қызу үстінде. Қатысушылар өзінің кезегін күтуде. Ертеңгі күнге «Үздік механизатор», «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясындағы «Біз Қазақстан тарихының мұрагері» бизнес-жобалар мен ғылыми жобалар сайысы жоспарланған.

Барлық қатысушыларымызға сәттілік тілейміз!

Просмотров: 399


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желідеміз!

   

Ұйымдар тізімі
Текст