АҚМОЛА  ОБЛЫСЫ  БІЛІМ  БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ «ШАҒАЛАЛЫ АУЫЛЫ, ЖОҒАРЫ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «ВЫСШИЙ АГРОТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, СЕЛО ЧАГЛИНКА»  ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ  ОБЛАСТИ  

Мұғалімдер күні!

09.10.2019

2019 ж.04.10. күні «Жоғары агротехникалық колледжі, Чаглинка селосында» Мұғалімдер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.

         Студенттер мұғалімдердің басшылығымен өзін - өзі басқару күнін ұйымдастырды. Студенттер шын мәнінде мұғалім еңбегін, қаншалықты маңызды, әрі қиын екенін сезінді. Оқу сабақтары сабақ кестесі бойынша өтті.

         Жұмыс күні мерекелік көңіл – күймен басталды: фойенін іші шармен фотосуреттірмен безендірілді. Студенттер музыка әуенімен ұстаздарды қарсы алып құттықтады.

         Мерекелік бағдарламаға арналған линейка өтіліп, онда студенттер  өзін – өзі басқару күніне есеп беріп, қортындысын шығарды. Кейін студенттер ұстаздарды мәжіліс залына мерекелік концертті тамашалауға шақырды. Мерекелік концертте колледж директоры Қарабаев Қайыргелді Теміржанұлы ұжымды төл мерекелерімен құттықтап, алғыс хаттар мен грамоталарды табыстады.

         Мерекелік іс-шараның қызықты өтуіне ат салысқан ұстаздар мен студенттерге алғысымыз шексіз.

         Мереке өте жоғары дәрежеде өтті! 

Просмотров: 400


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желідеміз!

   

Ұйымдар тізімі
Текст