АҚМОЛА  ОБЛЫСЫ  БІЛІМ  БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ «ШАҒАЛАЛЫ АУЫЛЫ, ЖОҒАРЫ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «ВЫСШИЙ АГРОТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, СЕЛО ЧАГЛИНКА»  ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ  ОБЛАСТИ  

"Tilsheberi - 2019" КОНКУРСЫ

23.09.2019

«Tilsheberi - 2019»

Желтоқсан айының он екінші жұлдызында Зеренді ауданы Шағалалы ауылы Жоғары агротехникалық колледж қабырғасында, Тілдер апталығының шеңберінде, Зеренді аудандық Тілдер дамыту орталығымен бірлескен «Til sheberi - 2019» атты сайыс өтті. Сайысқа 18-21 жас аралығындағы  колледжіміздің студенттері қатысты. Сынаушы әділқазылар ағылшын тілінің оқытушысы Жанатаева А.А., орыс тілі мен әдебиет пәнінің  оқытушысы Кожахметова К.К., қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы Оракпаева Ғ.Т. жеңімпазды анықтады.

Сайыстың «Ұлттаным» кезеңінде қазақ ақын-жазушылары жайлы қазақша ақпарат беріп, «Мәдениеттаным» қазақтың салт – дәстүрлері туралы орысша әңгімелеп, ағылшын тілінде Зеренді ауданының атақты жерлерін таныстырып, соңғы кезеңде өз өнерін көрсетіп, әр кезеңінен мүлтікпей алға шыққан жеңімпазымыз Хамзин Дидар ақшалай сертификат иеленді, сонымен қатар екінші, үшінші орындағыЕсенжолов Мұхаммедәлі мен Жақсылықов Жандос та ақшалай сертификат алды. Сайсқа қатысқан студенттерімізге қатысқаны үшін сертификаттармен қатар әдеби кітаптар да сыйға тартылды.

Елбасымыз жастыр жылының салтанатты ашылуында: «Жастар – еліміздің қазіргі әлемдегі бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы. Қазақстанның болашағы сіздерге – сіздердің білімдеріңізге, энергияларыңыз бен патриотизмдеріңізге байланысты.» айтқан сөзіндегі  бәсекелестік пен білімділікке жетудің негізгі факторы, ол - тіл меңгеру болып табылады. Қабілетті балаларды табу, дамыту үшін бұндай сайыстардың маңызы зор.

Просмотров: 449


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желідеміз!

   

Ұйымдар тізімі
Текст