АҚМОЛА  ОБЛЫСЫ  БІЛІМ  БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ «ШАҒАЛАЛЫ АУЫЛЫ, ЖОҒАРЫ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «ВЫСШИЙ АГРОТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, СЕЛО ЧАГЛИНКА»  ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ  ОБЛАСТИ  

«Қыз бала-ұлттың ұяты, халықтың шырайы»

04.02.2019

№2 жатақхананың тәрбиешісі Нұрғожина Ғалия Көпейқызының жоспары бойынша 2019 жылдың 19-шы  қаңтар күні «Қыз бала-ұлттың ұяты, халықтың шырайы» атты іс шара өткізілді. Бұл шарада жүргізушілік еткен : 33-АЖ тобының студенттері: Бәімбет Замира және Құсбегиева Тоғжан. Іс шарада жыныстық тәрбие туралы және де қыздарға кеңес ретінде бірнеше видеороликтер көрсетілді. Қыздардың мінезі жайлы және де өздерін қалай ұстау керек екендігі туралы айтылды. Қазақта қызға қырық үйден тыю дегенде айтылды.    Видеоның тақырыптары: Әлем бойынша қыздардың қанша түсік тастауы туралы видео, қыздардың киім кию  үлгілері мен бет әрлеу түрлері туралы видеороликтер (5 минут).  Қыздардың тәрбиесі туралы видеолар көрсетілді (2:41 минут). Колледжге қандай шаш үлісі мен және қандай бет бояу жағып бару керек екендігі туралы айтылды. Бет әрлеу әдісін және шаш сәндеу үлгісін Әбдірай Көркем 33-АЖ  тобыныің студенті көрсетті.  Іс-шара қыздарға сауалнама қоюы арқылы жүргізді. Қатысып отырған студент қыздарға осы тақырыпқа байланысты сұрақтар қойылды. Жақсы жауап берген студенттер: Әлтаева Гүлзада 41-элеватор, Сұлтан Ұлжан 23-элеватор тобының студенті қызға қырық үйден тыю деген сөздің мағынасын  айтып өтті , Хабдуллаева  Динара 11-АЖ тобының студенті қыздың бойында қандай қасиеттер болу керек екендігі туралы айтты Әбілда Гүлнұр 21-ЖО баланы  қоғам тәрбиелейдіме әлде ата –ана ма? Деген сұраққа жауап берді . Осы іс –шараның түйінін жасап, сөзді қорытындылаған жатақхана тәрбиешісі  Нұрғожина Ғалия Көпейқызы. Қыз балалар өздерін қалай ұстау керек екендігі  туралы және де ер-балармен жақын дос болудың қажет еместігі жайлы айтты. Себебі қазіргі таңда доспыз деп қалай алданып қалғанын білмей  қалып жатқан қыздар жоқ емес бар. Міне осының барлығын қыздарға түсінікті етіп жеткізді.

 Авторы: Ахмет Зарина 23-элеватор

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 1073


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желідеміз!

   

Ұйымдар тізімі
Текст