АҚМОЛА  ОБЛЫСЫ  БІЛІМ  БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ «ШАҒАЛАЛЫ АУЫЛЫ, ЖОҒАРЫ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «ВЫСШИЙ АГРОТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, СЕЛО ЧАГЛИНКА»  ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ  ОБЛАСТИ  

Жоғары агротехникалық колледж оқытушылары жаңа формат бойынша біліктіліктіліктерін арттырды

22.01.2021

Жоғары агротехникалық колледж оқытушылары жаңа формат бойынша біліктіліктіліктерін арттырды

          Қазақстан жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарау, оқытушылар үшін біліктілік деңгейін көтерудің  жаңа кестесін енгізу, категорияларды ұлттық біліктілік тест арқылы беру және  білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу, яғни жаңа бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар және кадрлар даярлау сияқты бірқатар міндеттерді орындау керектігін жолдауда атап өтілген болатын.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 192 бұйрығына сәйкес оқытушылардың біліктілігін арттыру қағидаларына өзгерістер енгізілді. Жаңа талаптар бойынша оқытушының біліктілік санаттарын көтеру тәртібі екі кезеңге бөлінді. Біріншіден оқытушыларымыз Ұлттық біліктілік тестілеуінен өтуі керек.

Ұлттық біліктілік тестілеуге арналған тест тапсырмалары мынадай формада құрастырылды: барлық тапсырмалар саны екі блокқа бөлініп, бірінші блокқа – пәндік білім тапсырмалары, екінші блокқа – оқыту әдістемесі бойынша тапсырмалар енді.

Колледж бойынша Ұлттық біліктілік тестілеуінде 26 оқытушы мен оқыту шеберлері өз күштерін сынады. Соның қатарынан біліктілігін көтеруге қажетті ұпай жинағандар саны: 13.

Екінші кезеңде оқытушыларымыз өз жетістіктерін портфолиода жинақтады. Біліктілік категориясын беру үшін колледжіміздің әдістемелік кабинеті оқушылардың құжаттарын талдайтын комиссия құрады. Комиссия мүшелері портфолиода берілген ақпараттарды талдай түсті, өйткені портфолио оқытушының педагогикалық қызметінің сапасы мен жетістіктері туралы, оқыту, тәрбиелеу, шығармашылық, өз білімін көтерудегі нәтижелерін жинауы бойынша дәлелді құжаттарды қамтиды. Педагог портфолиосының екінші маңызды мақсаты – бұл берген біліктілік санатқа сәйкестілігін сараптау кезінде оқытушының жұмысының нәтижесіне және біліктілігіне берілген баламалы баға. Сонымен қатар педагогтың өзін – өзі бақылауы және білімін көтеріп отыруы үшін де маңызды деректер жинағы.

Біліктілік категориясын арттырудың екі кезеңнен де өтіп, өзінің кәсіби шеберліктерін дәлелдей түскен оқытушыларымыз.

Педогог – мадератор біліктілік санатын алған оқытуышылар колледжіміздің өндірістік оқыту шебері Ашжанова А.М., жергеорналастыру арнайы пәндер оқытушысы Гептинг Е.Б., экономика арнайы пәндер оқытушысы Оспанова М.А., экономика арнайы пәндер оқытушысы Маулитов С.Ж.,  информатика пәндерінің оқытушысы Кислюк В.А., дене шынықтыру жалпы білім беру пәндерінің оқытушылары Ашжанов С.С., Махамбетов У.Т., қазақ тілі мен әдебиеті жалпы білім беру пәндерінің оқытушысы Капарова М.К.  

           Педогог – сарапшы біліктілік санатын алған оқытуышлар  колледжіміздің химия пәнінің оқытушысы Махамбетова М.Х., жалпы білім беру пәндерінің оқытушысы Қазбекова Қ.Қ. және колледжіміздің педогог – психологы Каратаева Г.С. 

          Әріптестерімізге  шығармашылық табыс, отбасында бақыт тілейміз. Алда алар асулар мен бағындырар белес көп.

Әдістемелік кабинет.

Просмотров: 250


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желідеміз!

   

Ұйымдар тізімі
Текст