Колледжде «Сенім жәшігі» бар екенін ескертеміз.
Егер де бір мәселе мазаласа, достыққа, отбасындағы қарым-қатынасқа, топтағы қарым-қатынасқа, оқытушымен қарым-қатынасқа байланысты жағдай туындап жатса – бұл ақпарат сізге,
бізге жазыңыз.
Сенім жәшігін қолдану тәртібі:
Өзіміз жағынан хат жазбаларының құпия болатынына сөз береміз.
Мақсат және негізгі міндет
«Сенім жәшігі» колледжде келесі мақсатпен құрылыды:
- білім беру үдерісінің субъектілеріне педогогикалық, психологиялық, құқықтық көмек көрсету;
- «Сенім жәшігіне» түсетін білім беру үдерісінің субъектілерінің хабарламаларын тіркеу және қарастыру, жедел қабылдауды қамтамасыз ету.
«Сенім жәшігінің» қызмет көрсетуінің негізгі міндеттері:
- «Сенім жәшігіне» келіп түскен хабарламаларды уақытында қарастыру, сонымен қатар қызметтік тұлғаларға талқылауға бағыттау;
- «Сенім жәшігі» келіп түскен білім беру үдерісінің субъектілерінің хабарламаларын уақытылы және сапалы түрде қарастыруды бақылау;
- «Сенім жәшігіне» түскен білім беру үдерісінің субъектілерінің хабарламасын талдауын олардың құқығын және қызығушылығын қорғауға бағытталғаншара қолданғанда және қарастырғанда ескеру.
«Сенім жәшігі» жұмысының ұйымдастырылу тәртібі
«Сенім жәшігінің» жұмыс тәртібі және қызметі туралы ақпарат білім беру үдерісінің субъектілеріні колледж сайты және ақпараттық стенд арқылы танысы алады.
«Сенім жәшігі»жолдамалар үшін жұмыс уақытында сағ: 8:00 – 18:00 дейін қол жетімді.
Жолдамаларды комиссияның төрағасы немесе орынбасары комиссия мүшелерінің қатысуымен әр дүйсенбі сайын сағ:16:00 алады.
Алғаннан кейін жауапты тұлға жұмыс кестесіне сәйкес:
- колледж директорына жолдамаларды орындау үшін тапсырады;
- жолдамаларды журналға тіркейді;
-жолдаманы құзыреттілігіне орай орындаушыға қарастыруға жолдайды.
-жолдаманың уақытылы орындалуын қадағалайды.
Тіркеу және есепке алу.
Білім беру үдерісінің субъектілерінің жолдамасын қарастыру және әрекет ету сапасын қадағалау және есепке алу мақсатымен «Ақпаратты есепке алу журналы»(одан әрі-журнал) жүргізіледі.
Журналдың беттері нөмірленген, байланған, мөрмен бекітілген болуы керек, сонымен қатар келесі бағаналары болуы керек:
- жолдаудың реттік нөмірі (жыл сайын 1 қаңтардан бастап нөмір басынан басталады);
- жолдаудың түсу мерзімі мен уақыты;
- жолдаушымен хабарласу нөмірі және үйінің мекен жайы, аты, тегі, әкесінің аты (анонимді жолдау түскен уақытта «аноним» деген белгі қойылады);
- білім беру үдерісінің субъектісінің мәртебесі (студент, ата-ана, педогог);
- жодаманың қысқаша мазмұны;
-жолдама қарастырылуға берілген қызметтік тұлға, сонымен қатар қарастырылу уақыты;
- жолдаманың қарастырылу шешімі жайлы белгі.
Журналды толтыру және сақтау жұмысын жауапты тұлға атқарады. Оқу үдерісінің субъектілірінің «Сенім жәшігіне» жолдау түсіруіне орай журнал толтырылады. Колледждің істер номенклатурасына байланысты журналдың сақталу мерзімі анықталады. «Сенім жәшігінің» Жұмысының шешімі жинақталады, талданады. Талдаудың қорытындысы ай сайын колледж директорына ұсынылады.
Жолдаманың мазмұнын талдау қорытындысы бойынша колледж жұмысының жоспарына өңдеу жүргізіледі.
Маманның міндеті және құқығы.
«Сенім жәшігіне» келіп түскен ақпаратпен жұмыс істейтеуші
«Сенім жәшігінен» алынған ақпаратпен жұмыс істеуші, маман білуі керек:
- еңбек заңының негізін;
- колледжде жұмыс істейтін нормативті құжаттарды;
- психология негіздерін;
-хабарлаушыны бағыттау үшін мемлекеттік, әлеуметтік, арнайы мекемелердің координаталарын;
Маман және орындаушы керек болған жағдайда құпиялықты сақтауға міндетті.
«Сенім жәшігінің» қызметінің және өзінің жұмысының қолайлылығын көтеру үшін маман ұсыныстар жасай алады.
Өзінің қызметінің кешенінде маман өзі шешім қабылдай алады және өзі жауапты болады.
Қосымшаның жұмыс істеу мерзімі. Осы қосымшаның жұмыс істеу мерзімі шектелмеген. Осы қызметтің уақытын анықтайтын нормативті – құқықтық құжаттарды өзгерткенде бекітілген рет бойынша қосымшаға өзгерістер енгізеді.
Акт
жәшікті ашу туралы
«Сенім жәшігінің» жұмысы туралы қосымшаға сәйкес және «Қоғамдық және заңды тұлғалардың үндеулерін қарастыру реті туралы» ҚР Заңына сәйкес
«______» «____________» 20….. _____сағ____мин
«сенім жәшігі» ашылды.
Жалпы жолдамалардың саны анықталды__________
Жолдамаларды алуды жүзеге асырған тұлғалар:
Хатшы:______________________
Қарсы іс әрекет комиссиясының мүшелері _____________________________
_________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________
Дайындаған:
педагог- психолог Жалғасбаева И.Ө.