Жадынама
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру»
Сыбайлас жемқорлық мемлекеттiң және қоғамның тұрақтылығына қауiп төндiретiн Қазақстан қауiпсiздiгiнiң жүйелi қауiп-қатерi болып табылады.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, барлық мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар өз құзыретi шегiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзуге мiндеттi.
Сыбайлас жемқорлық ұғымы
Сыбайлас жемқорлық — бұл мемлекеттiк мiндеттердi орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, тiкелей өзi немесе делдал арқылы өздерiнiң лауазымды құзыреттерiн және онымен байланысты мүмкiншiлiктi немесе өз құзыреттерiн басқаша пайдаланып мүлiктiк пайда алу үшiн заңмен қарастырылмаған мүлiктiк жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар — бұл «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңда, сондай-ақ өзге заңдарда көзделген, заңдарда белгiленген тәртiптiк, әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершiлiкке әкеп соқтыратын сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшiн жағдай туғызатын әрекеттер.
Пара!!!
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнде парақорлықпен байланысты екi қылмыс түрi қарастырылған:
Бұл екi қылмыс бiр жақты: егер пара туралы айтатын болсақ, бұл бiр жақта оны алушы бар (пара алушы) және екiншi жақта оны берушi бар (пара берушi).
Пара алу — бұл ең қауiптi лауазымды қылмыстардың бiрi, әсiресе адамдар тобы алдын ала сөз байласып немесе қорқытып алу жолдарымен жасалса, лауазымды адамның заңды немесе заңсыз әрекеттерiнiң (әрекетсiздiгiнiң) нәтижесi бойынша артықшылық алуы және пайдасына жасалуы табылады.
Пара беру — лауазымды адамды қандайда бiр артықшылық алуы және пайдасына заңды немесе заңсыз әрекетi (әрекетсiздiгi) арқылы, жалпы қамқорлығына немесе қызметiне жол берушiлiкке бейiмдеуге бағытталған қылмыс.
Пара болуы мүмкiн:
Заттарға — ақша, оның iшiнде валюта, банктiк чектер және бағалы қағаздар, құнды метталдан және тастардан жасалған бұйымдар, автокөлiктер, азық-түлiктер, бейнетехника, тұрмыстық пайдалануға қажеттi тауарлар, пәтерлер, саяжайлар, қала сыртындағы үйлер, гараждар, жер телiмдерi және басқа жылжымайтын мүлiктер.
Қызмет көрсету және пайда — ем қаблдау, жөндеу және құрылыс жұмыстары, шипажайға және түристiк жолдама, шетел сапарын төлеу, ойын-сауық және басқа шығындарды төлеу, тегiн немесе кемiтiлген бағамен беру.
Бүркемеленген пара түрi — банктiк көмек несиесiн қарызға алу немесе жоқ несиенi өтеу, тауарларды төлеу, тауарларды төмен бағамен сатып алу, тауарларды ең жоғарғы бағамен сатып алу, жалған еңбек шартын жасап жемқорға, оның туыстарына, достарына еңбек ақы төлеу, жеңiл несие алу, дәрiс беру, мақалалар және кiтаптар үшiн қаламақыны аса көтеру, ойынханадағы «кездейсоқ» ұтыстар, жалдау ақысын жеңiлдету, несие мөлшерiнiң пайызын көбейту және т.с.с.
Пара алғаны үшiн кiм қылмыстық жауапкершiлiкке тартылуы мүмкiн?
Пара алушы — болып мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген немесе оған теңестiрiлген лауазымды адам табылады.
Жауапты мемлекеттiк қызмет атқаратын адамдар — мемлекеттiң мiндеттерi мен мемлекеттiк органдардың өкiлеттiгiн тiкелей атқару үшiн Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының конституциялық және өзге де заңдарында белгiленген қызметтердi атқаратын адамдар.
Пара алу
Мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның, өзi немесе делдал арқылы пара берушiнiң немесе оның өкiлi болған адамның пайдасына жасаған iс-әрекетi (әрекетсiздiгi) үшiн ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлiк, мүлiкке құқығы немесе мүлiк сипатындағы пайда түрiнде пара алуы, егер, мұндай iс-әрекет (әрекетсiздiк) мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның қызметтiк өкiлеттiгiне кiретiн болса не ол қызметтiк жағдайына байланысты осындай iс-әрекетке (әрекетсiздiкке) мүмкiндiк жасаса, сол сияқты жалпы қамқоршылығы немесе қызметi бойынша жол берсе, — жетi жүзден екi мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның жетi айдан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, мүлкi тәркiленiп немесе онсыз нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Егер қылмысты мемлекеттiк лауазымды атқарушы адамның жасауы, сол сияқты заңсыз iс-әрекет (әрекетсiздiгi) үшiн пара алуы — жетi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, мүлкi тәркiленiп немесе онсыз үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Егер қылмысты адамдар тобы алдын ала сөз байласып, қорқытып алу жолымен, iрi мөлшерде, әлденше рет жасалса — мүлкiн тәркiлеп жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Пара беру
Егер пара лауазымды адамға тiкелей немесе делдал арқылы берiлсе — жетi жүзден екi мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Егер пара лауазымды адамға заңсыз iс-әрекет (әрекетсiздiк) жасауы үшiн берсе — бiр мыңнан үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Жауапты мемлекеттiк лауазым атқаратын адамға пара беру — мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, жетi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады
Пара ұсыну немесе қорқытып алу жағдайы кезiнде сiздiң iс-әрекетiңiз
Параны ұсыну немесе қорқытып алу фактiсi болғаннан кейiн сiз қандай шара қолдануыңыз қажет?
Аталған фактi туралы гарнизонның әскери полиция органдарына, жергiлiктi әскери прокуратура органдарына (азаматтық тұлғаларға — Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агентiгiне, облыстық Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменттерiне) хабарлаңыз.
Дайындалып жатқан қылмыс туралы жергiлiктi құқық қорғау органдарына ауызша немесе жазбаша түрде арыздану.
Жергiлiктi әскери билiк органдары өкiлдерi (әкiмшiлiк аппараты) тарапынан пара ұсыну немесе қорқытып алу жағдайларында, Сiз тiкелей құқық қорғау қызметкерлерiне, немесе мемлекеттiк мекемелердiң немесе осы органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселелерi жөнiндегi қызметтiк қауiпсiздiк бөлiмшелерiне олардың қызметкерлерiне қатысты арыздану.
Құқық қорғау органдары басшыларына қабылдауына жазылып, онда Сiзге пара ұсыну немесе қорқытып алу жөнiнде арыздануыңызға болады.
Сiзге пара ұсыну немесе қорқытып алу фактiсi жөнiнде арызданып, онда нақты көрсетуге тиiссiз:
Бұны бiлу маңызды!
Қылмыстың жасалған орнына және уақытына қарамастан қылмыс туралы ауызша хабарламалар және жазбаша арыздар құқық қорғау органдарында тәулiк бойы қабылданады.
Құқық қорғау органдарының кезекшi бөлiмдерi Сiздердi мұқият тыңдап ауызша немесе жазбаша түрде хабарлама алуға мiндеттi. Алайда Сiз хабарламаны қабылдаған қызметкердiң тегiне, лауазымына және қызмет телефонына көңiл бөлуiңiз қажет.
Сiз өзiңiздiң арызыңызды құқық қорғау органдарында тiркелгенi туралы белгiмен немесе талон-хабарламаның көшiрмесiн алуға құқылысыз, онда құқық қорғау органының мекенжайы, байланыс телефоны, хабарламаны қабылдаған қызметкер, оның қолы және қабылдаған күнi туралы мәлiметтер көрсетiледi.
Сiзден қабылданған хабарлама (арыз) құқық қорғау органдарында шұғыл түрде тiркеледi және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес процессуальдық шаралар қолдау үшiн жоғары тұрған басшылыққа баяндалады.
Құқық қорғау органынан Сiздiң арызыңыз кiмнiң қарауына берiлгенi, қабылданып жатқан шаралар туралы және Сiздiң құқығыңыз бен мүддеңiзге қатысты мәселелер бойынша толық ақпарат алу үшiн құрылымдық бөлiм басшылығының қабылдауына кiрудi талап ету құқығыңыз бар.
Егер Сiзден пара беру хабарламасын (арызын) алудан бас тартса бұл заңсыз әрекеттi жоғары тұрған органға шағым түсiруге,
сондай-ақ құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң заңсыз әрекетi туралы жоғары тұрған органға шағымдануға, құқық қорғау органының және күштiк құрылымдардың әрекеттерiне прокурорлық қадағалау жүргзiуге шағымдануға құқылысыз.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiсi туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарды көтермелеу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзетiн органның әрекетiне немесе әрекетсiздiгiне сот тәртiбiмен шағымдануға болады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жәрдем көрсеткен тұлғалардың дербес құқықтылығына кепiл
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар фактiсi туралы хабарлаған немесе өзге де жолмен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жәрдем көрсеткен тұлға мемлекеттiң қорғауында болады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жәрдем көрсеткен тұлға туралы ақпарат мемлекеттiк құпия болып табылады және қазiргi сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамамен ескерiлген органдардың немесе заңмен бекiтiлген тәртiпте соттың сауалы бойынша ғана берiледi. Осы ақпаратты жариялау заңнамамен бекiтiлген жауапкершiлiкке тартылады.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар фактiсi туралы хабарлаған немесе өзге де жолмен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жәрдем көрсеткен тұлға Қазақстан Республикасының Үкiметiмен ескерiлген тәртiпте көтермеленедi.
Қажет болған жағдайда сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргiзетiн органдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жәрдем көрсеткен тұлғалардың жеке қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi.
Жалған ақпаратты хабарлаған тұлға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленген тәртiппен жауапты болады.
СЕНІМ ТЕЛЕФОНДАРЫ:
Қазақстан Республикасының басты әскери прокуратурасы: 8(7172)71-25-76; электрондық адрес: press-qvp@prokuror.kz
Әскери полицияның басқару департаменті ҚК ҚР 8(7172) 72-18-42; 54-19-25; 47-47-83; идиологиялық және тәрбиелік жұмыс департаменті 8(7172) 72-10-08; 72-10-42.
Қорғаныс Министірінің электрондық блогы: primeminister.government.kz/ blogs/zhaksybekov_a
Дайындаған:
педагог- психолог Жалғасбаева И.Ө.