АҚМОЛА  ОБЛЫСЫ  БІЛІМ  БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ «ШАҒАЛАЛЫ АУЫЛЫ, ЖОҒАРЫ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «ВЫСШИЙ АГРОТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, СЕЛО ЧАГЛИНКА»  ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ  ОБЛАСТИ  

«2023-2024 оқу жылында Ақмола облысының ТжКБ ұйымдарын дамыту өзекті мәселелері» тақырыбында директорлар оқу және оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарларының әдістемелік бірлестігінің отырысы өткізілді.

01.06.2024

2024 жылғы 31 мамырда Шағалалы ауылы, Жоғары аграрлық-техникалық колледжінің қабырғасында Ақмола облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының аграрлық және техникалық бағыттарындағы әдістемелік бірлестігінің "Студенттің шығармашылық әлеуетін дамыту ретінде ғылыми-зерттеу жұмысы" тақырыбында үшінші отырысы, «2023-2024 оқу жылында Ақмола облысының ТжКБ ұйымдарын дамыту өзекті мәселелері» тақырыбында директорлар оқу және оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарларының әдістемелік бірлестігінің отырысы өткізілді.

          Ұйымдастырушылар іс-шараны өткізудің стандартты емес форматын таңдады: педагогтармен қатар отырыс жұмысына студенттер қатысып, зерттеу жобаларын ұсынды. Пленарлық бөлімде семинарға қатысушылар мазмұнды баяндамаларды тыңдады, содан кейін педагогтарға "SCAFFOLD әдістемесін қолдана отырып зерттеу жобасын әзірлеу"тақырыбы бойынша мастер-класс ұсынылды. Білім алушылар үшін "Студенттердің шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамытудағы ғылыми-зерттеу жұмысының рөлі" атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

         Практикалық бөлім үш секцияда өткізілді. Аграрлық және техникалық бағыттар секцияларында студенттер қызықты жобалар, макеттер ұсынды.

Отырыс студенттердің интеллектуалдық, танымдық және шығармашылық қабілеттерін анықтау және дамытуда оқытушылар арасында тәжірибе алмасу, және  кәсіби сауаттылығын, аналитикалық, сыни ойлауын және өзін-өзі дамытуға ынтасын қалыптастыру мақсатына жетті.

Просмотров: 3304


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желідеміз!

   

Ұйымдар тізімі
Текст