Текст
2024 жылдың 23-ші мамыр күні Шағалалы ауылы, Жоғары агротехникалық колледжінде Кеңес Одағының батыры, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына арналған «С.Нұрмағамбетов – халық үшін туылған батыр» тақырыбында біріңғай ерлік сабағы өткізілді. Батырдың өмірі мен майданға аттануы, қарулы күштердегі өмір жолы, марапаттары туралы студенттеріміз мазмұнды дәріс тыңдап, бейнебаян тамашалағаннан кейін «Мен өз елімнің патриотымын» тақырыбында эссе жазды. Қызықты материалдардың шеңберінде ашық диалог құрастырылды. Ерлік сабағы студенттердің Отан алдындағы борышын сезінуге ықпал етті.